Белгілі айтыскер ақын Ринат Зайытов Instagram-парақшасында елімізде өтетін кезектен тыс президент сайлауына қатысты ойымен бөлісті.
Ұлы ақынымыз, абыз Шәкәрімнің «Бұл ән – бұрынғы әннен өзгерек»дегеніндей бұл жолғы сайлаудың жөні бөлек. Өйткені бұл Президент сайлауына 30 жылдан бері алғаш рет Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатыспайды. Оның үстіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеуінде «Сайлау әділ де, ашық, таза өтетініне кепілдік беремін» деп мәлімдеді. Яғни, мемлекет басшысының бұл сөзі елдің үмітін оятып, саяси партиялардың қарқынын күшейтуі тиіс.
«Қазақтың күпі киген қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарған», поэзияға ерекше екпін әкелген ақиық ақын Мұқағали (Мұхамедқали) Сүлейменұлы Мақатаевтың туғанына бүгін тура 88 жыл толып отыр деп жазады ҚазАқпарат.
Қазақтың белгілі ақыны Оразақын Асқар 84 жасқа қараған шағында дүниеден озды деп жазады ҚазАқпарат.
«Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жаңа директоры тағайындалды. Ол — белгілі ақын, қоғам қайраткері Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ. 82 жастағы ақын архелог Карл БАЙПАҚОВТЫҢ орнына келіп отыр.
Танымал тележүргізуші, ақын Назира Бердалы арын сатып, ақша тауып жүргендерді сынға алды. Соңғы уақытта қоғамда талқыланып жүрген «ақшаға ар сату» мәселесіне қатысты өз ойын Instagram-парақшасында жазды.