Соңғы жаңалықтар

базар

«Біз ешқайда да кетпейміз»: Алматыдағы «Саяхат» базарының саудагерлері өздерін қуған сауда орнының әкімшілігіне наразылықтарын білдірді (ВИДЕО)

Алматыдағы Саяхат базарында ондаған сатушысы базардың жабылуына қарсылық танытты. Саудагерлердің айтуынша, базар әкімшілігі он шақты күн бұрын өздеріне базардың жабылатынын ескертіп, басқа жақтан орын іздеуге кеңес берген.

Сатушылар базардағы орындарын жөндеуге және тауарға банктерден несие алып қойғандарын, базар жабылса несиелерін төлей алмайтынын айтып, 2019 жылдың басына дейін базарды жаппауды сұрайды. Олардың айтуынша, базарда 500-ге тарта сатушы бар.

Сатушылар күн сайын сауда орнына, қоқыс шығаруға, күзетке, салыққа басқа да шығындарға ақша төлейтінін айтады.

Бақыт Әбдірайымова есімді сатушының сөзінше, базар алғаш ашылған 2008 жылы ол жерде 30 шақты ғана саудагер болған. Саудагерлер базардағы орындарды сатып алып, оны ретке келтіріп, ақша салған.

«Бар ақшамызды осы базарға салдық. Одан Пушкин көшесі бойында отырғандарды осы базарға кіргізіп, осы базарды көркейттік. Бірнеше ай бұрын сұрағанымызда базар жабылмайды, уайымдамаңыздар деді. Содан базар ұлғая бастаған соң банктерден несие ала бастадық. Алдымыз бірнеше миллиондап несие ала бастаған кезде базар жабылады деп хабарлады. Әкімшілік базар жабылатынын тым болмағанда екі-үш ай бұрын ескерткенде, саудагерлер несие алмаған болар еді» деді Әбдірайымова.

Саудагерлер наразылығында базар әкімшілігінен ешкім болмады.

Жетісу ауданының әкімі Мұхтар Тәжібаев Саяхат базары ресми түрде тіркелмегенін, базар 2010 жылдан бері жұмыс істейтінін айтты. Оның сөзінше, «саудагерлер ол жерге өз бетімен барып, бутиктер салып алған».

Әкім базар тұрған жер «Инвест Саяхат» деген жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі екенін, жер иесіне саудагерлерді көшірме, салықты төмендет деген сияқты нұсқау бере алмайтынын айтады. Тәжібаев әкімдік биыл наурызда базарды ретке келтіру туралы тапсырма ғана бергенін, басқа не жұмыс істеп жатқанынан хабарсыз екенін айтты. Оның сөзінше, базарда 130-дан астам сатушы ғана салық органдарына тіркеліп, жұмыс істеп жатыр

Саудагерлер базар басшыларымен кездесе алмай жүргендерін, базар жабылатыны туралы күзетшілерден естігендерін айтады.

Дереккөз: azattyq.org

 

 

 

Ақтөбеде көтеріліске шыққан саудагерлерге базардан орын берілетін болды

Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Ақтөбеде наразылық танытқан саудагерлерге басқа жақтан қосымша сауда орындары берілетінін мәлімдеді деп хабарлады жергілікті агенттіктер.

Астанадағы орталық базарда эскалатор 2 жасар баланың қолын жұтып қойды (ВИДЕО)

Астананың орталық базарындағы эскалатор 2 жасар қыз баланың қолын жұтып қойды. Оқиға 22 мамыр күні таңертең болған.

Көтерме базарда жыныстық қатынасқа түскен жұпқа тұрғындар қошемет көрсетті

Испанияның Ибица қаласындағы көтерме базардың балық сататын жағында қыз бен жігіт жыныстық қатынасқа түскен. Тұрғындар полиция шақырудың орнына олардың қызықтап, қошеметтен тұрған деп жазады life.ru.

Базарда тұтынушыларын алдап, «таразыдан жеген» саудагердің әрекеті әшкере болды (ВИДЕО)

Қарапайым халық азық-түлікті базарлардан алғанды ыңғайлы санайды. Бірақ Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған мына бейнероликте тұтынушысын таразыдан алдаған саудагердің ерсі қылығы әшкере болды.

Ашаршылық па, түк көремегендік пе? Қазақстандықтар Наурызда тамаққа таласып, төбелесе жаздады (ВИДЕО)

«Қазақстан дамып жатыр, біз дамыған 50 елдің қатарына қосылдық, ел экономикасы аяққа тұрды, халықтың жағдайы түзелді, Қазақстанды әлем таныды...» деген сарындағы керемет сөз тіркестерін отандық телеарналар мен мемлекеттік БАҚ беттерінен күніге тыңдап, күніге оқимыз. Қуанамыз. Өйткені, біз де осы елдің бір бөлшегіміз. Алайда, сөз бен істің көп жағдайда сәйкесе бермейтініне соңғы уақытта жиі көз жете бастады. Оған әсіресе әлеуметтік желі қолданушыларының саны артқаны да себеп болып отыр. Өйткені, дәл осы желілер арқылы халықтың шынайы жағдайын, мемлекеттің деңгейін көріп жүрміз.

Алматыда базар өртенді

Алматыдағы «Жетісу-Семиречье» базарында ірі өрт болды.

Алматыда тағы да базар өртеніп жатыр

Алматыда "Үш-қоңыр" базарындағы техникалық қызмет көрсету орталығында өрт шықты деп жазады Tengrinews.kz.

Ақтөбеде «сақалдылар» сатып келген б/у телефондардың біразы ұрланған болып шықты

Ақтөбедегі «Астана» сауда үйінің маңында телефон сатып алып, сатып жүргендерден ұрланған ұялы телефон табылды, деп жазады Aktobenews.kz порталы.

Бақытжан Сағынтаев популист әкімдерді сынға алды

Қызметіне тағайындала салып, базар аралап кететін әкімдердің бұл ісін ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев жай ғана популизм дейді. Өйткені, саудагерлер шенеунік келетін кезде бағаны төмендетіп, кеткен кезінде қайта өз бағасын қояды дейді премьер. Ал, сатушылардың бұл қулығын әкімдер білсе де, көз жұма қарайды.