Соңғы жаңалықтар

балалар
Нұр-Султанда қару ұстаған ер адам балаларға қауіп төндірді (ВИДЕО)

Нұр-Султанда қару ұстаған ер адам балаларға қауіп төндірді (ВИДЕО)

Қызмет барысымен жүрген полицейлерге кәмелет жасқа толмаған екі бала жүгіріп келіп, тапаншасы бар ер адам туралы хабарлады.

Шымкент: Дендросаябақта балалар алаңшасы пайдалануға берілді

«Shymkent Plaza» сауда-ойын-сауық орталығының демеушілігімен салынған алаңқайға Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов арнайы ат басын бұрды. Өз кезегінде ол осындай игі тірлігі үшін меценаттарға алғысын білдірді.

Шымкентте жасөспірімдерді барынша спортқа тарту қолға алынып жатыр

Саламатты ұрпақпен үлкен жетістікке ұмтылмақ. 1 маусым – балаларды қорғау күні аясында қалалық №1 балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде «Дені сау ұрпақ – болашаққа нақты қадам» атты шарасы ұйымдастырылды. Мақсат – спортқа бейімдеу арқылы балалардың өмірге деген қызығушылығын ояту.

Шымкент қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы балаларға мереке ұйымдастырды

1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Шымкент қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы "Бірге күліп, шаттанайық!" атты мерекелік шара өткізді. Оған қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов қатысып, мерекенің маңызына тоқталып, балаларға ыстық лебізін білдірді.

Шымкент циркі балалар мерекесіне ерекше қойылым әзірледі

Цирк өнерпаздары 1-16 маусым аралығында қала тұрғындары мен қонақтарына "1000000 қошеметпен" атты жаңа бағдарламасын ұсынбақшы. 1 маусым балаларды қорғау күнінде труппа ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен мүмкіндігі шектеулі балақайларға тегін өнер көрсетті.

Шымкентте кәсіпкер балалар жәрмеңкеден түскен пайданы қайырымдылыққа жұмсамақ

Бүгін Шымкентте 1 маусым — халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі аясында балалар жәрмеңкесі өтті. Жəрмеңке «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қолдауымен Шымқалада екінші рет ұйымдастырылып отыр. Жәрмеңкелер орталығына айналған Арбатта 6 мен 14 жасқа дейінгі 90 бала-кəсіпкер өз өнімдерін ұсынғанын айта кетейік.

Шымкенттік дәрігерлер айықпас дертке шалдыққан балаларға арнайы кеш ұйымдастырды

Шымкент қаласындағы медициналық ұйым басшылары кішкентай пациенттер үшін жаппай мерекелік кештер өткізуде.

Петропавлда әскери қызметшілер автокөліктің жүксалғышынан байланған балаларды тапты

ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясының 6637 әскери бөліміндегі жауынгерлер операциялық жаттығулардан тыс қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысады. Күн сайын 130-ға жуық әскери қызметші Солтүстік Қазақстан облысының орталығын күзетеді, деп хабарлайды Петропавловск.news.

Ақтөбеде жағажайда жүрген балаларды топырақ басып қалды

Ақтөбе қаласында жағажайда демалып жатқан адамдарды топырақ үйіндісі басып қалды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Балама енді тиіссеңдер, аямаймын»: Екібастұзда ұлының сөзін сөйлемек болған әйел кішкентай балаларды балағаттап тастады (ВИДЕО)

Әйел алаңда ойнап жүрген кішкентай балаларды былапыт сөздермен балағаттап тастады. «Ұлыма тиіспеңдер» деп алаңды басына көтере айғайлаған оны сондағылардың бірі телефон камерасына түсіріп алған.