Соңғы жаңалықтар

балалар

«Даналыққа ұмтылудың орнына ұсақталып барады»: Қайрат Нұртастың әйелі тыңдармандарына ренжіді

Белгілі әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова өзін «мақтаншақсың» деп сынағандарға жауап берді.

1-маусымда балалар «Нұрлы Әлемді» тегін аралайды

1 маусым күні «Нұр Әлем» – «Болашақ энергиясы» мұражайы Балаларды қорғау күніне арналған «17 жасқа дейінгі балаларға кіру тегін» акциясын өткізеді. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«Әкемді қайтарып беріңізші, Нұрсұлтан ата!» – әкесі Қытай түрмесінде отырған сәбидің жанайқайы (ВИДЕО)

Алматыдағы «Қазақстан» қонақ үйінің мәслихат залында өткен іс-шараны дәл осылай атауға болады. Өйткені, «Атажұрт» қоғамдық ұйымы өткізген жиында Қытай Халық Республикасында жазықсыз жапа шегіп, заңсыз қамауға алынған қандастарымыздың балалары тиісті орындардан әкелерін босатуға көмек сұрап, зар жылады. Қазақ елінің оңтүстік астанасына осындай елу тірі жетімді ертіп келген қамаудағы азаматтарды әйелдерінің де шайлығып, мүлде дәрменсіз күйге түскені байқалды, деп хабарлайды qazaquni.kz.

Қытайда әке-шешелері қамауда жатқан 50 балаға Серікжан Біләш, Қыдыралы Оразұлы бастаған «Атажұрт» қоғамы мүшелері сый-сияпат жасап, көңілдерін аулады. Германиядан Өмірxан Алтын да арнайы келіп, сыйлық үлестірді.

Шараны ұйымдастырушылар Қайрат Байтолла, Қыдырәлі Оразұлы және басқалары да оқиғаны: «Бұл – баланы әкесінен, зайыбын күйеуінен айырған сұмдық. Адамзат тарихында сирек ұшырасатын қасырет. Қытайдың азшылық ұлттарды езгіге салып, қорлауы бүгінгі таңда бүкіл әлемге әйгіленсе де, кейінде тіпті өршеленіп барады. Сол себепті мұндай қисынсыздыққа тосқауыл қоятын кез жетті» деп бағалады.

Жиынға қатысқан белгілі қоғам қайраткері, көрнекті журналист, республикалық «Халық және Президент» газетінің Бас редакторы Марат Тоқашбай:

– Балаларды қорғаудың Халықаралық күні қарсаңында өткізіліп отырған бұл іс-шараның маңызы өте зор, - деді. – Қытай Халық Республикасының билігі біздің қандастарымызды қуғын-сүргінге салып, абақытыға жауып, түрмелерге қамап, қорлауды жалғастыруда. Бұл дүние жүзіндегі ешбір заңға, ешбір қисын, қағидаға сәйкесетін әрекет емес! Біріккен Ұлттар Ұйымы 1948 жылы желтоқсанның 10-ы күні Адамзат құқын қорғауға қатысты арнайы Заң қабылдағанын білеміз. Ол құжатта кінәсі дәлелденбеген адамның құқын аяққа таптауға болмайтыны, жазықсыз жанның ар-намысына тиюге тыйым салынатыны тайға таңба басқандай анық жазылған. Ал Қытай мемлекеті осындай халықаралық құжаттарға қарамастан мұсылман қауымына, оның ішінде қазақтарға тізе батырып, адам төзгісіз азапқа салып отыр. Міне, енді сол жақта қамауға алынып, екі айдан жиырма бір-жиырма екі айға дейін қапасқа қамалған бауырларымыздың балалары мен жұбайлары соларды босатуды талап етіп келіп отыр. Қазақ қоғамы Қытай елінің мұндай геноцидтік саясатын қатаң айыптап, қандастарымызды концлагерьлерден шығарып, елге қайтарылуын талап етеді.

Аталған қоғам жетекшілерінің бірі Өмірхан Алтынның да сөзі осыған сайды:

– Мұндай қысымды Қытай елі азшылық ұлттарға ежелден көрсетіп келе жатыр. Қит етсе қырып-жойып, тұтқындау баяғыдан әдетке айналған. Олар осылайша Қазық елін түбегейлі басып алғанша тоқтамайтыны анық. Ендеше мұсылмандарды, оның ішінде қазақтарды тұқыртудың біздің ұлтты жоюға бағытталған әрекет екенін түйсінетін сәт әлдеқашан туған. Бұдан былай қарап отыра беруге болмайды. Ауызбіршілігіміз қажет. Қазақ деген Тәуелсіз мемлекетіміз бар, мұндай басқыншылыққа ешбір жол бермеуіміз керек! Бұл, біле білсек, еліміздің ұлтық қасыреті. Біз «мемлекетімізде жүз отыздан аса ұлт өкілдері тұрады, Ассамблеямыз бар» деп мақтанамыз. Солар осындайда неге бой көрсетпейді. Қайда солар?!.

Жиынға көршілес Қырғыз елінен де келген балалар қатысты. Олар да тұтқындағы әкелерін босаттыруды сұрап зар иледі.

Мәслихат барысында «Ата-анасы Қытай елінде тұтқында отырған балалардың зары» деп аталатын деректі фильм көрсетілді. Ондағы бүлдіршіршіндердің де «Көмектесіңдер!» деген жан дауыстары жүрек ауыртты.

Шара барысында сөз алған қазақтың қаршадай қызы жиналған қауымның көзіне жас үйірді.

– Үшінші сынып оқимын. Жасым тоғызда. Әкем Қытайға кеткеніне тоғыз ай болды. Паспортын тартып ап, түрмеде жатыр. Нұрсұлтан ата, әкемді әкеп беріңізші?, - деп сөзін аяқтай алмай жылап еңіреп жіберді әкесін сағынған бүлдіршін.

Одан соң балалар қолдарын жүрек тұстарына қойып, Қазақ елінің әнұранын айтып тұрып көз жастарына ерік берді. Бүлдіршіндерге қоса жиналған қауым да жылап тұрды…

Бұдан соң қытайдағы туыстарын іздеген қауым жиылып, Алматыдағы  Қытай елшілігінің консулына барды.  Консулға Қытайда қамауда отырған жұбайларын, әке-шешелерін  іздегедердің атынан  Нұрқия Әубәкір, Бахаргүл Досмұқан, Әсила Әлімқұлова үшеуі кіріп хат тапсырды.

 

Астанада батутпен болған төтенше оқиға: зардап шеккен балалар сауығып келеді

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында хабарлағандай, батутпен болған төтенше оқиға салдарынан зардап шеккен балалардың жағдайы қазіргі уақытта қалыпты, өте жақын арада олар ауруханадан шығарылады, деп  хабарлайды BNews.kz.  

Ақтөбеде күйеуі үйінен қуып шыққан 39 жастағы әйелдің балалары туберкулез болуы мүмкін

Облыстық ІІД таратқан мәліметтерге сүйенсек, 39 жастағы азаматшаны 60-тан асқан күйеуі бір баласымен үйінен қуып шыққан. Қалған балаларын отағасы өзімен бірге алып қалған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Дильназ Ахмадиева уәдесін орындамағаны үшін мүмкіндігі шетеулі балалардан кешірім сұрады

Наурыз айында Дильназ Ахмадиева мүмкіндігі шектеулі балаларға концерт беремін деп уәдесінде тұрмаған еді. Кейін балалардың әншіні ұзақ уақыт күтіп, ренжігендері белгілі болған. Осы олқылықтың орнын толтырып, Ахмадиева балалардан кешірім сұрап, арнайы концерт өткізді деп жазады Диапазон.

Газды аш та, от жақпа! Балалардың телефонында суицидке итермелейтін хабарламалар тарап кетті

Балалардың телефонында суицидке итермелейтін хабарламалар жүр. Бұл туралы ата-аналардың өзі Whatsapp желісі арқылы дабыл қағып жатыр.

Қайрат Нұртас балаларын наурыз айында халыққа көрсететін болды (ФОТО)

Он жыл жасырған жарын көпшілікке «Арман» фильмі арқылы таныстырған Қайрат Нұртас енді төрт баласын да сахнаға алып шықпақ деп мәлімдейді «НТК» арнасы.

«Ислам мемлекеті» құлдыққа сататын балалардың бағасын жариялады

«Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы кепілге алынған балалар мен әйелдерді құлдыққа сатып жатыр. Бұл туралы БҰҰ бас хатшысының өкілі Зейнаб Бангура Bloomberg тілшілеріне берген сұхбатында мәлімдеген, деп жазады baq.kz

Бас прократура педофилдерді піштіруді ұсынды

Бүгінгі Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалығымен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында  педофилдерді піштіруді қолданысқа енгізу ұсынылды.