Соңғы жаңалықтар

білім

Техникалық мамандықтарға басымдық беріледі

«Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты мен индустрияландырудың екінші бесжылдығын жүзеге асыру мақсатында базалық жоғары оқу орындары мен колледждерді дамытудың бағдарламасы әзірленді.

ОҚО әкімі жас мамандардың жұмыссыз қалмауын талап етті

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов берілген тапсырмаларының орындалуы туралы кезекті жиынын Түлкібас ауданында өткізді.

Кәсіпорын басшылары білімдерін шыңдамақ

Маңғыстаулық кәсіпорындардың 30 басшысы білімін шыңдамақ. Кәсіпкерлер үшін Маңғыстау облысының әкімдігі мен аймақтың кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерді кешенді оқытудың «Mangystau Business Executive Program» бағдарламасын іске қосты. Салтанатты шараға облыс әкімі Алик Айдарбаев қатысты.

Ұлттық сынақта тәртіп күшеймек

Алтын ұядан қанат қаққалы тұрған мектеп бітірушілердің 11 жыл бойы жинаған білімін сарапқа салатын ұлттық сынақ биыл қатал тәртіп және талаптармен ерекшеленбек. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Маңғыстау облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Зейнеп Тастемірова мәлімдеді.

ҰБТ сұрақтары 25-30 пайызға жаңарды

ҚР Білім және ғылым министрлігі 2015 жылы өтетін Ұлттық біріңғай тестілеудің сұрақтары қанша пайызға жаңарғандығын атап өтті деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, тест сұрақтарының жаңаруы пәндерге деген сұранысқа байланысты.

"2009-2014 жылғы тестілеудің нәтижесі көрсеткендей, таңдау пәндерінің арасында ең жиі кездесетіні - физика, биология және география. Сондықтан ҰБТ-2015 барысында физикадан тест сұрақтары - 35 пайызға, ал, биология мен география пәндерінен 30 пайызға жаңартылды" делінген ҚР БҒМ таратқан хабарламада.

Ондағылардың айтуынша, бітіруші түлектер арасында ағылшын тілі, әлем тарихы және химия пәндеріне деген сұраныс өте төмен.

"Сондықтан, 2015 жылғы тестілеу базасында әлем тарихының сұрақтары - 27 пайызға, химия - 21 пайызға және ағылшын тілі - 20 пайызға жаңартылды. Сонымен қатар, неміс және француз тілдері, қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті пәндерінің тесттік базасы тек 7-8 пайызға ғана жаңартылды. Өйткені, бұл пәндерді жыл сайын түлектердің тек 2-4 пайызы ғана таңдайды. Ал, міндеттелген пәндер бойынша сұрақтар базасы 25-30 пайызға жаңартылған" дейді министрліктегілер.

Естеріңізге салайық, биылғы ҰБТ науқаны 2-15 маусым аралығында жүргізіледі.

 

Baq.kz

Құдайдың бермегенін Сарбонна университеті бере алмайды

Шенеунік болу бұрын да оңай болмаған, енді тіпті қиындайтын түрі бар. Біреу баласын шетелге оқуға аттандырып жатса «еее, мына бейшараның шенеуніктіктен үміті бар екен ғой» деп сыртынан мысқылдап қарағанға мықты себеп табылды. Бұдан былай мемлекеттік қызметтің кейбір түрлері үшін заңға өзгерістер енгізілуі мүмкін. Алдағы уақытта жекелеген лауазымға үміткер толықтай шетелдік білімі бар магистрлер болуы керек деген талап кеше көпшілікке таныстырылды.

Маңғыстаулық кәсіпкерлер білімдерін тереңдетуде

Маңғыстау облысының 50 кәсіпкері арнайы сертификатқа ие болды, деп хабаралайды Skifnews.kz.

Білім және ғылым министрлігі республикалық ата-аналар конференциясын өткізуді қолдайды

Ата-аналар конференциясын өткізудегі негізгі мақсат отбасы мен мектептің арасында ынтымақтастықтың берік негізін қалау болып табылады және оған қазақстандық әрбір отбасы мүдделі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар брифингінде Отбасылық тәрбие институтының бас директоры Софья Евдокимова мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Оның айтуынша, сондықтан ҚР Білім және ғылым министрлігі Отбасылық тәрбие институтының «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек көрсету» тақырыбына арналған Республикалық ата-аналар конференциясын өткізу туралы бастамасын қолдап отыр.

С.Евдокимованың айтуынша, мектепте оқитын балаларға ата-аналар тарапынан психологиялық қолдау көрсету маңызды ғана емес, күрделі мәселе.

– Мектептегі оқу процесіне бірінші сыныпқа баратын балалар да, олардың ата-аналарына да дайын болуы керек. Ата-аналардың басты міндеті – баланың оқуға деген ынта-ықыласын дамыту, оның тәртібін, жаңа білім мен дағдыны игеру барысындағы табандылығы мен дәйектілігін қалыптастыру және қолдау көрсету болып табылады, – дейді ол.

Алматыда эксперименталдық білім бағдарламаларының тұсауы кесілді

Алматыда кеше республикамыздың ғылым ұйымдарында PhD магистратурасы мен докторантурасының эксперименталдық білім бағдарламаларының салтанатты тұсаукесер рәсімі болып өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Республикалық комиссия білім гранттарын тағайындай бастады

Астанада ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi Бiлiм гранттарын тағайындау жөнiндегi республикалық конкурстық комиссия өз жұмысын бастады, деп хабарлайды «Қазақпарат».