Соңғы жаңалықтар

емхана
Шымкент: Денсаулық сақтау басқармасының басшысы №2 қалалық емханаға барды

Шымкент: Денсаулық сақтау басқармасының басшысы №2 қалалық емханаға барды

Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байдуалиев Асхан Мархабайұлы №2 қалалық емхананың тыныс-тіршілігімен етене танысу мақсатында жұмыс сапарымен арнайы ат басын тіреді. Бұл емханаға тіркелген халықтың жалпы саны 60745-ті құрайды.

Ақтөбеліктер жеке емханалар мен ауруханаларда тегін емделеді

2019 жылы халыққа тегін ұсынылатын медициналық көмекке 39,1 млрд теңге бөлінді. Соның 7,1 млрд теңгесі аванс болып, бірден төленді, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

«Кеудеден итергенді қашан қоямыз?»: Дана Нұржігіт кезек үшін ұрысып қалған оралман мен қала келіншегіне ашуланды

Белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт кезек үшін төбелесіп қалған оралман пен қала келіншегіне ашуланды. Емханадағы келеңсіз жайтты ол Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісіті. 

Биыл Қарағандыда 4 емxана ашылады

«Президент емханалардың ашылуына баса назар аударады. Біз бұл мәселемен жіті айналысудамыз және оңтайлы шешім таптық - жеке инвестицияларды тартамыз», - деді аймақ басшысы. 

Түркістанда емханалардың жұмысы электронды жүйеге көшті

Түркістан қаласындағы емханалардың жұмысы толықтай электронды жүйеге көшті. Шаһар тұрғындары жаңа жүйені пайдаланып, дәрігерден кеңес алуда деп жазады ҚазАқпарат.

«Сынамасыз салды»: Шымкенттік полицей емханада екпеден кейін қайтыс болды

Медициналық орталыққа шипа іздеп барып, керісінше қайтыс болды. Шымкенттегі жеке медициналық мекемеде емделмекші болған 29 жастағы азамат өмірден озды. Орталықтың медбикелері осылайша алдына аман келген «пациенттен» айырылып қалды деп жазады Otyrar.kz.

Ақтауда бес жасар бала 100 теңгелік монетаны жұтып қойған

Ақтауда бес жасар бала 100 теңгелік монетаны жұтып қойған деп хабарлайды медицина орталығы.

Талғарда туберкулезбен ауыратын сәбилерге арналған емханада байдың балалары демалған

Талғар ауданындағы түберкулезбен ауыратын балаларға арналған жалғыз санаторлық балабақшада бай-бағландар мен шенеуніктердің сау балалары тынығып жатыпты. Оларға бес уақыт тегін тамақ беріліп, бар жағдайлары қазынаның қаржысы есебінен жасалынып келген көрінеді. Соның салдарынан, науқас бүлдіршіндерге орын жетпей, ата-анасы жылдап кезек күтуге мәжбүр болған деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Қызылордада емхана ғимараты қоқыс алаңына айналған (ФОТО)

Қызылордада он бес жылдан бері қаңырап бос қалған емхана ғимараты бүгінде қоқыс алаңына айналған. Бұл туралы қала тұрғыны Facebook әлеуметтік желісінде жазды.

Айтуынша, күндізгі «Ем қабылдау» мекемесінің қаңырап бос тұрғанына он бес жылдан астам уақыт өтіпті. Әлі күнге дейін жергілікті билік иесіз қалған аймақты өз қарауына алмаған. Сол себептен бұрынғы емхана алаңы қазір қоқысқа толып, қаңғыбастарға пана болыпты.

«Бұл Қызылорда қаласында Бейбітшілік көшесінде орналасқан бұрынғы күндізгі «Ем қабылдау» мекемесі, қазіргі тастанды ғимарат. Бұл ғимарат тұрғылықты үйі жоқ адамдарға пана, балаларға ойын орны, сондай-ақ қоқыс тастайтын алаңға айналды. Бұл ғимараттың қараусыз тұрғанына он бес жылдан астам уақыт болды. Осыған жауапты құзырлы органдар көңіл бөліп, тиісті шараларды қолданса екен», – деп жазады қала тұрғыны. 

Ол қаңырап қалған бұл мекемеге жергілікті билік назар аудармаса, онда осыған жауапты құзырлы органдардың қандай да бір шара қолдануын сұрады.

Ақтөбелік жігіт емханада дәрігерді пышақтап кетті

7 маусым күні Ақтөбедегі «Отбасылық емханада»  ер адам дәрігерді пышақтап кетті деп жазады Диапазон.