Соңғы жаңалықтар

емхана

Емханаға тамағы ауырып барған ұлым дәрігерлердің кесірінен көзі көрмей, құлағы естімей қалды – Алматы тұрғыны

Алматы тұрғыны балалар емханасының дәрігерлерін кіналауда. Айтуынша, дәрігерлер ұлын жансақтау бөліміне жатқызуға дейін жеткізген деп мәлімдейді КТК телеарнасы.

Нашақор көлігімен емхананың екінші қабатына кіріп кетті

АҚШ-тың Санта-Ана қаласында нашақор емхананың екінші қабатына көлігімен кіріп кетті деп жазады РИА Новости.

Ақтөбе емханаларындағы қарт дәрігерлер жастарға орындарын босатпай отыр

Бұл туралы саланы басқарып отырған шенеуніктердің өздері тілшілерге айтып берді. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары өңірде 200-ге жуық дәрігердің зейнет жасынан асып кеткенін aktobenews.kz тілшілеріне мәлімдеген.

Петропавлда емханада кезек күткен қария дәрігерге жете алмай көз жұмды

Қайғылы жағдай қалалық  №1  емханада орын алған. Куәгерлердің сөзінше, кезекте отырған қарияның жағдайы күрт нашарлап, ол дәрігерге кезексіз кіруді сұрапты. Дегенмен, алдында кезек күтіп отырған өзге адамдар оның өтінішіне құлақ аспаған. Салдарынан, араға аз уақыт салып зейнеткер оқиға орнында көз жұмған деп хабарлайды «Новости Казахстана» АА.

Таразда 9 қабатты ғимарат отқа оранды

Тараз қаласының Желтоқсан мен Сүлейменов көшелерінің қиылыснда орналасқан 9 қабатты ғимарат өртке оранды. Бұл туралы кәуігерлер әлеуметтік желіге суреттер мен бейнежазбалар жариялауда. Бұл ғимараттың төменгі қабатында студенттік емхана, ал, жоғарғы қабатарында түрлі депортаменттар орналасқан. Өрттің неден шыққаны туралы әзірге ақпарат жоқ.  

Қазақстанда емханалар мен ауруханаларды француз компаниялары салатын болады

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі Салидат Зекенқызы Қайырбекова мен Францияның Сыртқы сауда министрінің денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кеңесшісі, «Cellectis» компаниясының вице-президенті Давид Сурдив бастаған Франция делегациясымен кездесті, деп хабарлайды, Skifnews.kz.