Соңғы жаңалықтар

еркек

Төсек қатынасы кезінде әйел көбінесе не ойлайды?

Осы бір назды қылығымен баурайтын нәзік жандылардың жатын бөлмедегі жайылған жар төсегінде не ойлайтындығын көпшілігіміздің біле бермейтіндігіміз ақиқат. Мұны білуге әр еркек құштар екені де жасырын емес. Тіпті нәзік жандылардың өзі кейде не ойлап жатқандарына есеп бермейді екен деп жазады Zharar.com.kz

Сонымен, төсек қатынасы кезінде әйел көбінесе нені ойлайды екен?

Бұл сауалдың ер-азаматтарды әбден қызықтыратындығы сөзсіз.

Психологтардың жүргізген әлеуметтік сауалнамаларына сүйеніп мынадай тұжырымға келуге болады. Бір қызығы - әйелдердің көпшілігі жан алысып жан берісіп жатқан махаббат ойындарына өздерінің сыртқы пішіндерінің бұзылмауын көп ойлайтын көрінеді: мәселен, жыныстық қатынас кезінде шашым ұйпалақтанып қалмай ма? Бетімді әрлеген бояуларым ағып кетіп макияжым бүлінбей ме? Осындай ойға беріліп жатқанын сезіп қалсаңыз «жаным, сен сондай әдемісің» деп қойыңыз.

Ерімен бірнеше жыл некеде тұрып отасып келе жатқан әйелдердің ойы мұндай ләззатты шақтарда да күйкі тірліктің шырмауынан шыға алмайтынға ұқсайды. Олардың ойлайтыны: күйеуімнің киімін үтіктеп үлгере аламын ба? Балалардың мектепке апаратын тамағын әзірледім бе? Тағы басқа да осы тұрғыдағы ойлар.

Ал енді жас қыздарды мұндай ұсақ-түйектер тіпті де мазаламайды. Олар тек төсектес серігіне қалай жағуды ғана ойлайды. Олардың көкейлерінде бір ғана сауал: «мен осы қандаймын, мына жігітке ұнауым мүмкін бе?» дегенге ғана саяды.

Бірақ сайып келгенде осындай ойлардың тән қызығы кезінде түкке де қажеті жоқ дейді маман психологтар. Төсек тояты кезінде еркек пен әйел бар дүниені ұмытып бір — біріне ынтызар сезіммен құлай берілуі тиіс. Олардың арасында жасырын сыр болмауы керек. Мұндай кездері төсек қатынасында түрлі тәсілдерді қолданғанның да артықтығы жоқ. Ер адам бұл жағынан тәжірибелі болса әйелді өзімен бірге еліктіріп әкете алса сезім шыңын бағындыру да оңай.

Алайда қаперге алатын жай мұндайда еркектің бұл қимылын дөрекілік не әбестікке санап ықылассыз суып қалатын әйелдерде бар. Сондықтан, шабыт қимылына енер шақта әйелді аялап аймалап жатып не қалайтынын сұрап білген артық емес.

«Тоқал болып, балаларының көз жасын көргім келеді»: Зорланған қыз еркектерден өш алғысы келіп жүр

Бұрын ойлайтынмын, қыздар неге жеңіл жүріске салынады? Өмірдің мәні тек ақша деп ойлайтындарға ренжіп, өзімше ақыл айтып жүретінмін. Менің көз -қарасымды өзгерткен, сол күнгі оқиға. Сабақтан кеш шықтым. Қыстың күні болғасын, дала қараңғы болып кеткен. Баратын жерім, қаланың маңайындағы ауыл болғанымен, такси ұстауыма тура келді. Бар ойым, үйге тезірек жетіп, ертең универде болатын іс-шараға дайындалу.

Әйеліме әпермеген Iphone-ды сыйладым: Жас жігіт көңілдесінің жүргіш екенін айтып көмек сұрады

Отбасылы жігіт үйленгеніне 7 жыл болса да, әйелімен төсекте табыса алмапты. Қазір бір қызбен кездесіп жүрмін деген ол көңілдесінің жүргіш екенін айтып, жан сырымен бөлісті.

ШҚО-да екі еркек жасөспірім қызға ішімдік беріп, зорлап кеткен

 

ШҚО-да полиция 12 жасар қыздың зорлануына қатысты оқиғаны тергеуге алды. Екі бірдей ересек азамат жасөспірімге ішімдік беріп, зорлап кеткен. Оқушы қыз ауруханаға жеткізілген кезде мас күйде болған деп жазады Stan.kz.

Отбасылы еркекке алданып, бала туып алған келіншек өкінішімен бөлісті

32 жастағы ана әйел отбасылы еркектен қыз туып, бүгінде оныц жалғыз өзі асырап отыр. Өмірден опық жеп, сезімге алданған келіншек өзінің жүрек тебірентер оқиғасымен бөлісті. 

Әйелдердің еркектермен қосылып арақ ішуі көбейіп кетті

Балалық шағы­мыз­ Екін­­­ші дүние­жү­зі­лік соғыстың сұрапыл жыл­дарымен тұстас келді. Ол бір қиын ке­­зең еді ғой. Қа­ра­ғай­лы орманның қол­ты­ғына орналасқан біз­дің ел бәлендей ашы­ға қоймады. Орыс по­сел­келерімен қарым-қатынас жасап, қайта соларға қайың мен қа­рағайын апарып, кө­біне картопқа айыр­бастап талғажау қы­латын-ды. Қыста әке­міз Қостанай қа­ласына (60 шақырым араға бір қонып) отын, шөп, қол диірменге тартқан бірер пұт ұнын, жемі мен кебегін сатып, отбасына қажетті арзанқол киім-кешек, қант-шайын сатып әке­летін. 

Сен маған тиесің еркек басыңмен: Байдың қызымен жүрген жігіт өзінің «ұзатылғанын» айтты

«Бір қызға тиіп, ұзатылып кеттім». Осылай деген facebook қолданушысы Жеңісхан Асылханұлы басынан өткен жағдайды айтып берді. Оның ойынша, Астанада байдың қызын алғаннан оған тиген оңайырақ екен.

Неміс ғалымдары тойымсыз еркектерге арнап робот жасап шығарды (ВИДЕО)

Неміс ғалымдары еріншек, тойымсыз еркектерге арнап робот жасап шығарды. Енді қалталылар бұл техниканы сатып алып, күні-түні діттеген жеріне жұмсай алады.

"Сен қатын байыңа ие бол": Күйеуін құрбысымен төсекте ұстап алған әйел жұрттан көмек сұрады

Жұмыста әйтеуір білінбейді. Дұрысы, ұжымға өзімнің басымдағы жайды білдіргім келмейді. «Көңіл-күйің жоқ қой» дегендерге, «ауырыңқырап жүрмін» деп сылтау айтқан боламын. Бірақ үйге кіре салысымен көңіл-күйім табанға бірақ түседі. Мектеп жасындағы ұлым мен қызым «әкемізді үйге кіргізесің бе?» дегендей сұраулы жүзбен қарасы алады. Оларға не дерімді білмеймін. Күндер өтіп жатыр деп жазады alashinform.kz.

Иә, бақытты отбасы едік. Бірақ қазір тас-талқан болған ошағымыз.

Бар пәле күйеуінен ажырасқан дос келіншекті үйге кіргізуден басталды.

Арайлым екеуіміз студент кезден дос едік. Бір бөлмеде тұрдық. Оқуды бітірген соң да араласып тұрдық. Ол да тұрмысқа шықты. Бірақ араларында бала болмады. Ақыры, былтыр ажырасып кеткен. Күйеуі бір жаққа, Арайлым бір жаққа кетті. Содан пәтер жалдап, қиналып жүрген оны үйге шақырдым. Төрт бөлмелі үйдің бір бөлмесін соған бердік.

«Уақытша болса да тұра тұр. Кейін көре жатарсың. Бәлкім, жаныңа жақын адам кездесіп, тұрмысқа шығып кетерсің»  дегенбіз.

Күйеуім де қарсы болмады. Солай Арайлым біздің үйдің бір адамы болып шыға келді. Арада жылжып айлар өтті. Бәрі жақсы секілді. Таңертең күйеуім менімен Арайлымды жұмысқа жеткізіп тастайды. Кейде кешкілік алып қайтады. 

Арайлым да күйеуімді «аға» деп құрақ ұшып тұрды. Күйеуім де ол дегенде аянып қалмайтын сияқты. Өмір өтіп жатты. Бір күні бір подъезде тұратын тілі шайпау келіншекпен болмайтын бір нәрсеге ұрсысып қалдым. Сол-ақ екен ол «сен қатын байыңа ие бол. Бүкіл көрші біткен сені сырттан табалап күліп жүр. Неге екенін білесің бе?» демесі бар ма, кекетіп.

«Елдің байы менің байымдай болып алсын», — дедім, күйеуімнің іскерлігін алға тартып.

«Пішту, байымыз сенің байыңдай болмай-ақ қойсын. Подружкаңды ойнас жасап алған еркек еркек пе? Шын сері болса, көңілдесті сырттан іздемей ме? Үйдегі келіншекке артылғанша! Масқара!», — демесі бар ма?

«Не айтып тұрсың?» деп тап бердім.

Ол да шаңқылдап қоймады. Подъезді басына көтеріп, «сенбесең, мына көршілердің бәрін шақырып сұра. Қажет болса, байыңды аңды. Үйіңдегі келіншекті кешке алып келіп, анау төмендегі үйдің ар жағындағы тұраққа көлігін қойып, ішінде не істейтіндерін көр», — деді.

Әлгі келіншекті сөзден жеңе алмайтынымды біліп, жылаған күйі үйге кіріп кеттім.

Содан бастап көңіліме күдік кірді. Расында, Арайлыммен күйеуім бір-біріне бір түрлі көзбен қарап, кейде ыммен сөйлескенін байқап қалдым.

«Әлгі көрші қатынның айтқаны рас болды-ау» деп түйдім ішімнен.

Бірақ сыр бермедім. Бір күні жұмыстан ерте келдім. Күйеуіме телефонмен айтып қойғанмын, «ауырып тұрмын, үйге қайта беремін» деп.

Ол «жарайды, қайта бер. Мен жолдан Арайлымды алып бірақ қайтамын», — деген.

Үйге келе салып, тамақты апыл-ғұпыл пісіріп, далаға шықтым. Ойым – күйеуімді аңду. Алыстан көлік тұрағын қарап жүрмін. Әйтеуір, қас қарая күйеуімнің мәшинесі көрінді.

Қаптаған машинаның ішіне тоқтады. Тал арасынан сығалап қарап тұрмын. Машинадан түскен күйеуім жан-жаққа бір қарады да, арт жақтағы есіктен ішке енді. Содан түспеді. Дала қараңғы. Араға біраз уақыт салып машинаға жақындадым. Ішінде бір адамдар алысып жатқандай, машина кейде тербеліп кетеді. Кейде дір-дір ете қалады. Есіме көрші келіншектің айтқаны түсті. Қаным басыма тепті. Қалай машинаға барып есігін тепкілегенімді білмеймін. Алдымен сөлбірейіп күйеуім түсті.

Артынан үсті басы умаж-умаж, шашы додадай болып Арайлым түсіп келеді.

«Жәлеп, өз байыңды құртып, енді менің байыма түстің бе?», — деп оған тап бердім.

«Қойшы, Толғанай, арамызда түк болған жоқ. Енді келіп тоқтап жатырмыз ғой», — деп күйеуім қолымнан шап берді.

«О сорлы, келгеніңе жарты сағат болды. Мен бәріп көріп тұрмын. Мені мазақ етіп жүрген екенсіңдер. Бүкіл көрші сендердің ашына екендеріңді, осы жерге келіп, қызойнақ жасайтындарыңды біледі. Сенбесең, беттестірейін бәрімен», — деп күйеуімді шапалақа бір салдым.

«Кешір Толғанай, кінә менен. Күйеуіңді қойныма тартқан менмін. Табиғи қажеттілік шыдатпады», — деп Арайлым мені құшақтап жылап жіберді.

Не дейін, «Қарабетсіңдер. Енді менімен тұрмайсыңдар», — деп, екеуін де үйден сол түні қуып шықтым.

Өйткені екеуін де кешіре алмадым. Екеуі де маған опасыздық жасады. Қазір екі баламды құшақтап түндерде таң атқанша жылап шығамын. Қиын.

Бірақ опасыздықты кешіруге бола ма?

Бірі – «мәңгілік біргеміз. Бірге өмірден өтеміз. Өлгенше сүйіп өтемін» деген жарым. Екіншісі – студент жылдардан қыл өтпестей дос болған, ол қиналып жалғыз қалған кезде, қол ұшымды беріп, өзіме тартқан жан құрбым. Екеуі де маған опасыздық жасады.

Оларға кешірім болуы мүмкін бе? Білмеймін. Балаларым «әкемізді сағындық» деп қыңқылдай береді. Не істеймін?

Имамға сауал: Төсекте күйеуіме қанағаттанбаймын. Не істесем болады? (ВИДЕО)

Уағыз айтып отырған имамға «Төсекте күйеуіме қанағаттанбаймын. Не істесем болады?» деген сауал түсті. Осы орайда молда жас жұбайларды бір-біріне күн сайын көңіл аударып, таза жүруге шақырды.