Алматылықтар көшелердің бірінен Иосиф Сталиннің ескерткішін суретке түсіріп алды. Ескерткіш Гете көшесінің бойында, «Колоесс» Мәдениет үйінің маңына қойылған деп жазады Tengrinews.kz.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ескерткіш түнгі уақытта қойылған. 5 желтоқсанда ескерткіш болмаған.
«Ескерткішті бүгін түнде қойды, кеше болмаған. Тастан жасалған немесе плита жабылған, қоршауы бар. Сипаттамасы жоқ, Сыртқы келбетінен оның Иосиф Виссарионович Сталин екенін көруге болады», - деп жазды Вячеслав есімді жергілікті тұрғын.
Ер адам өткен-кеткен жұрттың ескерткішті суретке түсіріп, таңғалып жатқанын айтып отыр.
Алматы қалалық Түрксіб аудандық әкімдігінің өкілдері ескерткіштің уақытша орнатылғанын және оның фильмнің декорациясы екенін хабарлады.
«Эвакуация» фильмі, «Қазақфильм» түсіріп жатыр, режиссері Фархад Шарипов. 1941 жылы Алма-Атаға эвакуацияланғандар жайлы. Ескерткіш пенопласттан жасалған, 7 желтоқсанда сағат 12.00-де алып тасталады», - деді әкімдіктегілер.
Алматы қалалық Мәдениет және архивтер басқармасы «Төлеген мен Қыз Жібек» ескерткішінің ең үздік жобасына ашық конкурс жариялайды деп хабарлайды Baq.kz.
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде қаланы абаттандыру бойынша бұрын берген тапсырмаларының орындалу барысын тексерді.
Күні кеше марқұм Батырхан Шүкеновтің туған күні құрметіне Қызылодадағы саябақтардың бірінде ескерткіш орнатылды. Қуанышты хабарды Али Оқапов өзінің Instagram-парақшасында бөлісті.
18 мамыр — атақшы әнші, талантты композитор Батырхан ШҮКЕНОВТІҢ туған күні. Көзі тірі болғанда дарын иесі 56 жасқа толар еді. Атаулы датаға орай, Қызылорда қаласында әншінің ескерткіші бой көтеріп, жерлестері әншіге лайықты құрмет көрсетпек. Алайда, нысанның орналасатын орны көпшіліктің көңілінен шықпай отыр. Көпшіліктің шағымы билік тарапынан ескерілген де жоқ.
Ақтаудағы жағажайлардың біріндегі түнгі клуб маңына маскүнем образына арналған мүсін орнатылды деп жазады Tumba порталы.
Қызылжарда Сүтішевтің атындағы үлкен көше бар. «Сүтішев» десеңіз таксистер түсінбейді, баратын мекен-жайыңызды «Сутюшев» деп түзеуіңізге тура келеді. Қаланың ең әдемі ауданында. Абылай ханның қайта қалпына келтірілген резиденциясы осы көшенің бойында орналасқан. «Мағжанмен» қиылысады, «Сәбит Мұқановқа» параллель орналасқан.
Бір-ақ күн тұрып, қайта алынып қалған екінші Николай ескерткіші еліміздің солтүстігінде қайта орнатылуы мүмкін.
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Ахметұлы Тәшеновке – өзінің туған жері – Аршалы ауданында ескерткіш қойылды, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Қазақстанның 33 тарихи нысаны ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени мұрасына қосылды. Оның бесеуі Жамбыл облысынан, деп хабарлайды «Қазақпарат».