«Қашықтықтан жұмыс істеуге шыққан болсаңыз, ол еңбекақыңызға еш әсер етпейді. Бұл мемлекеттік және жеке компания қызметкерлеріне де қатысты», - деп мәлімдеді Біржан Нұрымбетов.
«Шарттардың электронды түрде сақталуы жұмыс берушілердің шартты басып шығару және сақтау шығындарын, осы процесті жүргізу үшін штатта бірнеше адамның болуы сияқты шығындарын азайтады», - деді вице-министр.
Бұдан бөлек, ауылда және қалаларда кәсіпкерлік әлеуеті бар, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне және зейнеткерлік жасына жетпеген олардың мүшелеріне, шаруа және фермер қожалықтарына микрокредиттер беріледі.
Жыл басынан бері Шымкент қаласында еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша 72 тексеру жүргізіліп, онда 67 заң бұзушылық анықталған. Қалада жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбегін қорғау саласында әлі де жұмысты жандандыру керек. Шымкент қаласының әкімдігі мен «BI Group» құрылыс компаниясы бірге құрылыс алаңдарында еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы жөнінде семинар ұйымдастырды.
Елімізде еңбекке қабілеттілігін жоғалтқанда және асыраушысынан айырылғанда берілетін жәрдемақы 5 пайызға өсті. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.