Соңғы жаңалықтар

еңбек

«Отанға қызмет ету – абырой»

Шымкентте Мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Отанға қызмет ету – абырой» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті ұйымдастырған жиынға аймақтағы барлық аудан, қалалардан мемлекеттік қызметшілер қатысты.

АҚТӨБЕДЕ 86 ЖАСТАҒЫ МЕТАЛЛУРГ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Наум Исаакұлы Эпштейн ферроқорытпалар зауытында 1952 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол жай ғана инженер-металлург емес, нағыз өнертапқыш. Сондықтан да болар зейнеткер қария осы күнге дейін «Қазхром» Трансұлттық компаниясының Ақтөбе ферроқорытпа зауытында керек мамандардың бірі саналады. Ол 60 жылдың ішінде зауыт құрылғысының жұмысын жақсартуға, өнімділікті арттырып, шикізатты тиімді пайдалануға бағытталған түрлі айла-тәсілдерді ойлап тауып келеді. Өнертапқыш қарияның өзінің де мұның бәрі бірдей есінде жоқ. Бірақ бөлшектелетін қождарды айыру қондырғысы Эпштейннің әйгілі жаңалықтарының бірі ретінде зауыт тарихында қалды. Ұзақ уақыттар бойы зауытта хромды қорыту кезінде бөлшектеліп қалатын қалдықтармен бірге ұсақ металл да ағып кете беретін. Эпштейн болса, бұл мәселені шешудің жолын қарастырып, ұсақ металлдарды ұстап қалатын қондырғы ойлап тапты. Өнертапқыштың ол қондырғысы іске асып, ұсақ металлдар бұрынғыдай қалдықпен бірге ағып кетпей, қайта балқытуға жіберілетін болды. Ақтөбе ферроқорытпа зауытының осы тәжірибесіне жүгініп, Челябинскіде және Серовта ұсақ металлдарды ұстап қалу бойынша цехтар салынды.

«ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ»

Бүгінгі Қазақстаннан жай адам кездестірмейсіз. Қаптап жүрген «құрметті азамат». Қала берді, «еңбек сіңірген құрылысшы», «еңбек сіңірген металлург», «еңбек сіңірген мәдениет қызметкері»,.. тағысын тағылар. Еңбек сіңірмеген адам тапқаннан гөрі қою қараңғы түнде шөмеленің ішінен ине тапқан оңайырақ. Сөйте тұра, ылғи «құрметті азаматтар» мен «еңбек сіңірген...» мамандардың ортасында өмір сүре тұра елімізде қылмыс түрлері жыл өткен сайын көбейіп барады. «Құрметті азаматы» көп қоғамда жыл өткен сайын қайырым кеміп, кәрі де, жас та тасжүректеніп алған. Қойдың өзінен «сенде жазық жоқ, менде азық жоқ» деп кешірім сұрап барып соятын қазақтың ұрпағы бүгінде адамның өзін қолы қалтырамай соятын халге жетті.