Соңғы жаңалықтар

жергілікті полиция
«Жағынан бір ұрып талдырып тастады»: экс-полицей соққыға жығылды (ВИДЕО)

«Жағынан бір ұрып талдырып тастады»: экс-полицей соққыға жығылды (ВИДЕО)

БАҚ мәліметінше, оқиға Қазақстанда клубтардың бірінің алдында болған. Аюб Катаев қарсыласын итеріп жібереді, осы кезде дене тұрпаты шағындау келген ер адам оны қос соққымен ұрып құлатады.

Полицияны енді «WhatApp» арқылы шақырта аласыз

Петропавлдық тәртіп сақшылары «Тұрғындар белсенділігі – құқықтық тәртіпті сақтаудағы маңызды фактор. Сондықтан, полиция халықпен қарым-қатынас жасаудың  барлық түрлерін пайдалануға тырысады», деп санайды.

Даниал Ахметовтың қарындасын ұрламақшы болған азамат іздестіріліп жатыр

Гүлфаз Кенжетайқызын қаланың ортасындағы зәулім үйдің қасында ақ көлікке салып, ұрлап кетпек болған.

«Оның арқасынан пышақ та сұққан»: Петропавлда елді дүрліктірген азамат ұсталды (ВИДЕО)

Бұл оқиға қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-тармағы ("бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне енгізіліпті. Ұсталған азаматқа қатысты бұлтартпау шарасы қолданылмақ.

«Онда тағы мүшеқап бар»: студент қыздарды «зорлаймын» деп қорқытқан бұзақы іздестіріліп жатыр

12 қыркүйекте әлдекім грантпен оқуға түскен екі қыздың жалдамалы пәтерлерінің есік-терезесін  қаққан. Алайда, қыздар оны түстеп көре алмаған.

Көпірден секірмекші болған мектеп оқушысын өскемендік полицейлер құтқарды

Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, тәртіп сақшылары мен құтқарушылар жасөспіріммен бір тілге келу үшін біршама уақыт жұмсаған көрінеді.

5 жыл бұрын жоғалған ер адамды полиция қызметкерлері құлдықта ұстаған (ВИДЕО)

Нарынбет Жұмағұловтың құлдықтан босап шыққан кездегі түрі өте аянышты. Әбден жүдеген, үсті-басы кір-кір, киімінің сау тамтығы жоқ. Мал бағып жүрген жерінен ағасы осы күйінде тапқан. Інісін алып кетпек болғанда қожайындары жетіп келіп, қоқаң-лоққы көрсетіпті.

Алматыда аурухана дәрігерлерін ұрып кеткен

Баспасөз қызметінің мәліметінше, №7 клиникалық ауруханасының екі дәрігері шағым түсірген.

100-ден аса қой мен қозы ұрланды: түркістандық полицейлер күдіктіні ұстады

Ол өз арызында, биыл сәуірдің басынан маусымның 10 дейінгі аралықта белгісіз адам тұрғын-үйінің жанында орналасқан мал қорасынан әрқайсысының құны 40 000 теңге болатын 78 бас қой мен әрқайсысының құны 25 000 теңге болатын 47 бас қозыны жасырын жымқырып кеткенін айтқан.

Нұр-Сұлтанда алабай ит баланы қауып алды

Зардап шеккен баланың әкесі Александр Балахтың айтуынша, полицейлердің көмегімен ауруханаға жылдам жетіп, балаға дер кезінде медициналық жәрдем көрсетілді.