Соңғы жаңалықтар

жол апаты

Жамбылда той кортежінің көлігі жол апатын жасап, жазықсыз үш адамды өлтірді

Жамбыл облысында үйлену тойының кортежіндегі жүргізушілердің бірі жол ережесін өрескел бұзып, жазықсыз үш адамның өліміне себепкер болды. Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Қордайда бай баласы көлігімен адам қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен

Оқиға 6 наурыз күні Жамбыл облысындағы Қордай ауылында орын алған. «Toyota Land Cruiser Prado» маркалы жол талғамайтын көлік 20 жастағы бойжеткенді қағып кетіп, жүргізушісі оқиға орнынан ізін суытыпты. Ал, алған дене жарақаттары салдарынан жәбірленуші сол жерде көз жұмған.

ШҚО-да полицей көлігімен екі адамды қағып өлтірді

ШҚО Жарма аудандық ІІБ қызметкері көлігімен екі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді деп хабарлайды «NewTimes.kz» АА облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазір полицей қамауға алынған.

Бүгін Мұрат Тәнкеевке сот үкімі шығады

Бүгін Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық соты атышулы Мұрат Тәнкеев ісіне нүкте қояды. Төрт бірдей адамның өліміне себепкер болған күдіктіні прокурорлар 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр.

Тәнкеев ісі: күдіктінің туыстары кешірім сұраудың орнына "Құдайдың" атымен қорқытуда (ВИДЕО)

Бүгін Шымкентте көлікке мас күйінде отырып, жол көлік оқиғасын ұйымдастырған Мұрат Тәнкеевтің екінші сот отырысы өтті. Аталған жол апатының салдарынан 4 адам көз жұмған еді. Олардың екеуі 1 және 5 жастағы балалар.

Шымкентте автокөлік өзенге құлап кетті

Шымкентте қос көліктің соқтығысуы салдарынан олардың бірі өзенге құлап кеткен деп жазады Otyrar.kz.

Алматы облысындағы көлік апатынан алты адам ажал құшты

Алматы облысы Талдықорған-Текелі трассасында екі көліктің соғысуы салдарынан алты адам қайтыс болды. Екі адам аса ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып  Today.kz  хабарлады.

Оқиға 24 қаңтар күні Ескелді ауданының маңында болған. Алдын-ала болжам бойынша, Mazda Xedos көлігінің 26 жастағы жүргізушісі рөлді игере алмай, жолдың қарсы бетіндегі Audi 100 маркалы көлігін соққан. Қазір жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу амалдары жүруде.

БҚО-да жол апатынан көз жұмғандар саны 5 адамға жетті

БҚО-дағы Орал-Ақсай тас жолының бойында кеше күндізгі сағат 16:30 шамасында "Фольксваген Шаран" мен "Лада Приора" автокөліктері соқтығысқандығын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Аталған апаттан оқиға орнын үш адам қаза тапса, бүгін тағы екі жолаушы көз жұмды деп хабарлайды "Мой Город" порталы.

БҚО-да ірі жол апатынан 3 адам көз жұмды

17 қаңтар күні сағат 16:30 шамасында Орал-Ақсай тас жолының бойында Теректі ауданының Колузаново ауылына жақын маңда ірі жол көлік оқиғасы орын алды деп жазады "Мой Город" порталы.

Шымкентте 10 көліктің қатысуымен ірі жол апаты орын алды

Шымкенттегі Бәйдібек би көшесінде ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді. Мұнда 10 автокөлік соқтығысқан. №101 бағытта жүретін автобус жоғары жылдамдықпен жүйткіп келген күйі алдында тоқтап тұрған темір тұлпарларды жайпап кеткен деп хабарлайды otyrar.kz.