Соңғы жаңалықтар

жол апаты

Ақмола облысында жол апатынан Ресейдің төрт азаматы қаза тапты

Ақмола облысында жол апатынан Ресейдің төрт азаматы қаза тапты деп хабарлады жергілікті агенттіктер.

Шымкентте жол апатынан қаза болғандардың саны 13 адамға жетті

Шымкентте 16 маусым күні болған ірі жол апатынан қаза болғандардың саны 13 адамға жетті. Қайғылы жағдай «Алматы — Термез» бағытындағы тасжолда, Бозарық елдімекеніне жақын жерде болған, деп жазады жергілікті otyrar.kz

Алматы-Шымкент тас жолында ірі жол апаты орын алды

Алматы-Шымкент трассасында жан түршігерлік жол апаты орын алды, дап хабарлайды otyrar.kz

Ресейде мас полицей Subaru көлігімен екінші қабатқағы балконға соғылды

Ресейде мас полицей Subaru көлігімен екінші қабаттағы балконға соғылды, деп хабарлайды auto.bigmir.net.

Астанада биыл адам өліміне әкеп соққан 34 жол-көлік оқиғасы орын алған

Астана қаласы ІІД, прокуратура, мемлекеттік органдар, сондай-ақ, автобус паркі, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен Астана қаласы Ішкі істер департаментінде жол-көлік оқиғасын алдын алуға, сондай-ақ ескерту және жолын кесуге бағытталған шара өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Алматыда 14 жасар қыз жүк көлігінің астына түсіп, мерт болды

Алматыда 14 жастағы жасөспірім қыз 40 тонналық жүк көлігінің астына түсіп, оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды «Алматы» телеарнасының «Куәгер» бағдарламасы.

Шымкенттік полицейлер қызметтік көлігімен жол апатын жасады

Оңтүстік Қазақстан облысында жол патрульдік полициясының қызметтік көлігі апатқа ұшырады. Оқиға түнгі сағат 10 шамасында, Ордабасы ауданына қарасты, Бадам ауылы маңында болған. Ауыр жол апаты салдарынан полицейлердің қызметтік көлігінің тас-талқаны шыққан. Темір тұлпарда болған үш тәртіп сақшысы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Оның біреуі жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан.

– Түскен науқастың үшеуі де ауруханаға жатқызылды. Оның екеуі бас мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы диагнозымен жатқызылды. Біреуі кеуденің жабық жарақаты, қабырғаның жабық сынуы жарақатымен жатқызылды. Қазіргі таңда науқастар ем қабылдауда, жағдайлары орташа қалыпта, – дейді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы қабылдау бөлімінің меңгерушісі Сәбит Байбосынов.

Қазір жол апатына қатысты тиісті тексеру жұмыстары басталып кетті. Сондықтан ішкі істер департаментінің өкілдері анықтау қорытындысын жариялауды кейінге қалдырды.

Мысырдағы көлік апатынан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, Мысырдағы Синай түбегінің оңтүстігінде болған екі автобустың соқтығысуынан қаза тапқандар мен жарақат алғандардың арасында Қазақстан Республикасының азаматтары жоқ. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов мәлімдеді.

Қостанай облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

Наурызым ауданында соңғы екі күнде адам шығынымен екі жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Алматыда жол апатынан екі адам қаза болды

Алматыда SubaruImreza WRX STI мен Cadillac Escalade көлігі бірімен-бірі соқтығысып, салдарынан екі адам қаза болды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек айтты, деп хабарлайды «Қазақпарат».