Астанадағы автобустардың бірінде жолаушы жүргізушімен төбелеспекші болып, терезесін сындырды. Бұл сәтті телефон камерасына түсіріп алған жолаушылардың бірі видеоны әлеуметтік желілерге жүктеген.
Қарағанды полицейлері такси жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасаған Өзбекстанның екі азаматын ізін суытпай ұстады деп жазады ҚазАқпарат.
«Полицияға қаладағы ірі такси фирмаларының бірінде жұмыс істейтін жүргізуші шағым түсірді. Ол қаладағы дәмханалардың бірінен шыққан екі жолаушының пышақпен шабуыл жасап, қорқыту арқылы қымбат телефонын иемденгенін, кейін қашып кеткенін хабарлады», - деп мәлім етті облыстық ІІД-де.
Қарақшыларды оқиға болған тұсқа жақын жерден ұстаған. Тәртіп сақшылары сипаттамаға сәйкес келетін екі ер адамды байқап қалған. Екі күдікті де ұсталды. Ұсталушылардан ұрланған телефон да табылған.
Ведомствода түсіндіргендей, ұсталушылардың екеуі де Өзбекстан азаматтары. Олар 2017 жылдан бері Қарағандыда тұрып келген. Олар ұсталған кезде мас күйде болған.
Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Ұсталушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ішкі істер министрлігінде бұл құжатты басып шығаруға қаржы таусылыпты. Бірақ сенаторлар қолда бар ақшаны ұқсата алмай отырған бас полицейдің өзіне шүйлікті деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Саудиялық алғашқы он әйел Сауд-Арабиясында жүргізуші куәлігіне қол жеткізді. Бұл туралы Әр-Риад қаласының ресми ұйымдарына сілтеме жасап fr.euronews.com агенттігі жазады.
Алматыда жол бойында екі көліктің жүргізушілері төбелесіп қалды. Осы сәтті телефон каамерасына түсіріп алған куәгер видеоны Instagram әлеуметтік желісіндегі almaty_dtp тобына жүктеген.
Қарағандыда №118 автобус жүргізушісі жолаушылардың бірін басып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Таразда автобус жүргізушісі көлік басқарып келе жатып телефонмен ойын ойнаған. Қоғамдық көлікке мінерде өмірін аманаттайтын адамның бұл қылығы жолаушылардың шамына тиді.
АҚШ-тың Санта-Ана қаласында нашақор емхананың екінші қабатына көлігімен кіріп кетті деп жазады РИА Новости.
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының экс-басшысы Талғат Ермегияевтің жеке жүргізушісі Саят Надірбаевты тәртіп сақшылары күштеп басшысына қарсы куәлік етуге мәжбүрлеген деп мәлімдеді жүргізушінің жақындары.
Астана қаласындағы №10 қоғамдық көлігінде болған апаттың тексеріс нәтижесі белгілі болды.