Заң жобасында жауапты хатшылар институты жойылады. Жауапты хатшылар институты жойылған кезде олардың міндеттері министрліктер аппараттарының басшыларына жүктеледі.
Депутаттың сөзіне қарағанда, заң жобасын қабылдаудың нәтижесінде мемлекеттік аппараттың тұрақтылығы мен мемлекеттік орган басшыларының жауапкершілігі артады.