Геннадий Головкиннің салмағы бойынша жұдырықтасатын қазақстандық боксшы, NABF чемпионы Мейірім Нұрсұлтанов Голливудта өзінің 11-ші жекпе-жегін өткізді деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған Үкімет мүшелері Маңғыстау облысына келді деп жазады ҚазАқпарат.
Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапарымен Франция Республикасының Алматыдағы Бас консулы Патрик Ренар болды.
Шаһарда шытырман оқиқаға толы телехикаялар мен анимациялық фильмдерді түсіретін ауқымды студия ашылады. Ал оларды қолдау үшін жарнама жұмыстары белсенді атқарылады. Яғни, орталық даңғылдар мен көше бойына жарнама қағаздары мен тақтайшалар ілінеді.
ОҚО әкімі Б.Атамқұлов облыстағы бизнесмендермен кездесті. Кәсіпкерлер форумына 200-ден астам бизнесмен мен құқық қорғау органдарының жетекшілері, облыстық басқармалар басшылары мен аудан, қалалардың әкімдері қатысты.
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов қарттар күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты дөңгелек үстелде зиялы қауым мен бірқатар ҰОС ардагерлерімен кездесті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ұйымдастыруымен Төлеби ауданында «Үздік отыздыққа апарар 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі» Заң жобасын талқылау бойынша көшпелі кездесу өткізілді.
«Нұр Отан» партиясының Мақтаарал аудандық филиалының өкілдері тұрғындармен кездесіп, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының мән-маңызын түсіндірді. Кездесу барысында аудандық «Нұр Отан» партиясының жарты жылдық есебі тыңдалып, алда бірлесе атқарар жұмыстар жоспары құрылды.
Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова 2015-2016 жаңа оқу жылының қарсаңында еліміздің білім беру жүйесінің қызметкерлері ауыл мұғалімдерімен, жаңашыл педагогтармен, педагогикалық және ғылыми мекемелер жетекшілерімен кездесті.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Қуаныш Айтаханов оңтүстік аймаққа сапары барысында Түлкібас ауданыны әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерімен кездесті.