Соңғы жаңалықтар

кездесу

Минскіде Украина ЕО «Еуразиялық үштік» арасындағы кездесу өтеді

26 тамызда Минскіде Украина  ЕО  «Еуразиялық үштік» (Беларусь, Қазақстан, Ресей) форматында кездесу өтеді. Онда Украина мен ЕО арасындағы Қауымдастық туралы келісімдердің орындалуына байланысты, Донбастағы қауіпсіздік пен тұрақтылықтың қалыпқа келуі жөнінде мәселелер сөз болмақ, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Астананың жастар ұйымының белсенділері БҰҰ өкілдерімен кездеседі

Жоғары сынып оқушылары, ЖОО студенттері мен жастар ұйымдарының белсенділері Қазақстанда БҰҰ агенттігінің өкілдерімен кездеседі, деп хабарлайды skifnews.kz.

Қала әкімдігінің ресми сайтының хабаралауынша, халықаралық ұйым өкілдері БҰҰ-ның жұмысы мен оның құрылымы туралы баяндап, тұсаукесер рәсімін жасайды және қатысушылармен бірге пікір-талас өткізіп, өзекті тақырыптарды талқыламақ.

Кездесу келесі мекен-жайда орналасқан БҰҰ ғимаратында өтеді:Бөкейхан к-сі 26, сағат 16.00-де. Жастардың сұрауы бойынша кездесу мен пікір-талас ағылшын тілінде өтеді.

Бүгін «Ақтөбе» румыниялық «Стяуа» командасымен алғашқы кездесуін өткізеді

Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасы іріктеу турларының үшінші айналымында «Ақтөбе» футбол клубы өз алаңында румыниялық «Стяуа» командасымен алғашқы кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Skifnews.kz.