Соңғы жаңалықтар

келін

"Осындай келін кімде бар?": Гүлзира Айдарбекова енді келіндерін айтып мақтанды

Қайрат Нұртас жүрген жерінде анасын мақтаумен болса, Гүлзира Айдарбекова да ұлдары мен келіндерін аузынан тастамай жүреді. Продюсердің бұл жолы келіндерін мақтағаны жұртқа жағып қалғандай.

«Бұл ырым ба, әлде салт па?»: Тойда денесін отпен аластаған келін жұрттың сынына қалды (ВИДЕО)

«Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа». Той үстінде отқа табынып, денесін аластаған қазақ келіні жұрттың сынына қалды. Осынау сәтті сол тойға келушілердің бірі телефон камерасына түсіріп алған.

Енесі үйінен қуып шыққан: Жас келін пойыз астына түсіп өлді

16 маусымда Өзбекстанның Ферғана облысы Өзбекстан ауданында 20 жастағы келін пойыз астына түсіп өлді. Марқұмның көршілерінің айтуынша, отасқанына алты ай болған жас келінді енесі үйден қуып шыққан.

«Енеңнен ұялмайсың ба?»: Жартылай жалаңаштанған актриса сынның астында қалды

Отандық актриса Айнұр Ілиясова көпшілікке жартылай жалаңаш денесін көрсетемін деп сынға қалды. Декреттік демалыста отырған ол артық салмақтан арылғанын айтып мақтанғысы келген.

«Мен қатты арықтап кеттім. Қазіргі салмағым - 51 келі. Бұрын 53-54 болатын. Қалай деп сұрасаңыздар, мұның бір ғана құпиясы бар. Тек жұмыс істедім. Еш бос отырмадым. Тіпті тамақ жеуге, жаттығу залына баруға да уақытым болмады. Бірақ кішкене салмақ қосу керек сияқты», – деп жазады актриса өз Instagram-парақшасында.

Айнұр Ілиясова өзін «Енеңнен ұялмайсың ба?» деп сөккен желі қолданушыларына енесінің заманауи адам екенін ескерте кеткен. Сөзіне қарағанда, ол келінінің жартылай жалаңаш денесін көрсетуіне еш қарсылығын білдірмейтін көрінеді.

Десе де, оқырмандары актрисаның бір шаңырақтың келіні, әрі ана екенін алға тартты.

 

 

Келінім жалғыз баламды өзіме қарсы қойды

"Кесір келін босағаңнан аттаса, көрер күнің бейнет" дегенді атам қазақ тегін айтпағандығын күн өткен сайын түсініп келем. Бар ананың асыл арманы - келін алып, қолын жылы суға малу. Ибалы келіннің қолыннан шайын ішіп, енелік өнегені көрсеткім келгенін қалай армандағанымды білсеңіз еді.

Көзін ойып алған: Әкесі өзінен хабарсыз үйленбек болған баласын соқыр қып тастады (ФОТО)

Пәкістандық Абдул Баки қызына үйленуге ұсыныс жасамақ болады. Алайда бұны кеш естіген әкесі ұлын сабап, көзін қасықпен ойып алған деп жазады Life.ru.

«Сулифа» ойнаған екі жас жұрттың көңілін көтерді (ВИДЕО)

«Сулифа» ойнаған екі жас жұрттың көңілін көтерді. Жас жұбайлардың видеосы Facebook-парақшасындағы «Төрт саусақ» тобында қызу талқыланып жатыр.

Қайын сіңлісінің қорлығынан шаршаған қызылордалық келін мұңын шақты

Қызылорда тұрғыны үш жыл бойы қайын сіңлісінің қорлығына шыдап келе жатқанын айтып, жанайқайын жеткізді. Бақыт есімді келіншек қайын сіңлісі оның отбасын ойрандап жатқанына сенімді деп жазады NUR.KZ.

Қостанайлық келін 80-нен асқан енесін үйінен қуып шығып, пәтерін тартып алмақшы болған

Қостанайлық келіншек жасы сексеннен асқан енесін үйден қуып шығып, пәтерін тартып алмақшы болған деп жазады Оqiga.kz.

Қайын атасы пышақтап өлтірген келіншектің туыстары құдаларынан жиен немересін қайтаруды талап етті

Қайын атасының қолынан қаза тапқан семейлік келіншектің денесі бүгін жер қойнына тапсырылды. Қара жамылған жақындары Ақерке Қозыкешованың мәйітін Оралдан туған жеріне ұшақпен жеткізген. Әйтсе де, жаназаға жиналған жұрт қатты соққылардан денесінің сау-тамтығы қалмаған марқұммен дұрыстап қоштаса алмады. Ал Ақеркенің туыстары құқық қорғау органдарынан әкесі Саят Қозыкешовте қалған жиен немересін алып беруді талап етіп отыр деп мәлімдейді КТК телеарнасы.