Соңғы жаңалықтар

көз жұмды

Қарағанды облысында 15 күнге қамалған ер адам ауыр дене жарақаттарынан қайтыс болды

«Ішкі органдардың үзілуі, сынықтар, шайқалу. Өкінішке қарай, жүргізілген реанимациялық іс - шаралар нәтиже бермеді», - деп хабарлады аудан ауруханасында.

Зейнеткер кинотеатрда қорқынышты кино көріп отырып көз жұмды

Фильм аяқталған соң залда жарық жанғанда, креслода қатар отырған көрермен зейнеткердің өлі екенін байқайды.

Қырғызстанда ағайындылар тоңазытқышта көз жұмды

Ағайындылар аяқ асты көзден таса болыпты, ата-анасы тоңазытқыштан тапқанда бәрі кеш еді.

Олжас Сүлейменовтің немересін қағып кеткен көлікті Қызылорда облыстық ІІД басшысының қызы айдаған

Бүгін Астанада өткен арнайы брифингте Олжас Сүлейменовтің жалғыз немересін қағып кетіп, мерт қылған айыпты Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті басшысының қызы болып шықты деп жазады NUR.KZ.

Қостанайда 50 жастағы велосипедшінің жүрегі тоқтап қалды

Куәгерлер Қостанайдағы Киевская көшесінде велеоспедшіні көліктің қағып кеткені туралы «Аlau.kz» интернет-порталына хабарлама жіберген.

Бұл туралы мәліметті Қостанай облыстық ІІД-і де растады. Алайда, велосипедшіні көлік қақпағаны анықталған.

«25 маусым күні сағат 21.20 уақытында Киевская көшесіндегі «Горбатый мост» маңында 50 жастағы ер адам қайтыс болды. Оның велосипед айдап бара жатып жүрек талмасы ұстап қалған», – деп хабарлады ІІД.

Қазір болған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ақтөбеде жас келіншек 25 қабатты үйден секіріп кетті

Ақтөбеде әйел шаһардағы ең биік ғимараттан секіріп кетті. Оқиға бүгін күндізгі сағат 11.00 шамасында болған. Жедел жәрдем бригадасы жеткенше алған жарақатынан көз жұмды деп жазады Baq.kz.

Алматы облысында менингит күдігімен тағы бір адам көз жұмды

Ер адам 19 маусым күні ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

«Бүгін Алматы облысында менингококк инфекциясы күдігімен бір адам көз жұмды. Қазіргі кезде осы жайт бойынша тексеру жүргізіліп жатыр», – делінген аталған хабарламада.

Еске салсақ, осы уақыт ішінде менингитпен ауырған 62 адам тіркелді. Оның 4-уі әлі де стационарлық ем қабылдауда. Жылдың басынан бері менингиттен 13 адам көз жұмды. Оның 3-уі Алматы облысы, алтауы Алматы қаласының тұрғындары.

Дереккөз: inalmaty.kz

Ақтөбеде мектеп түлегі пышақ жарақатынан көз жұмды

Ақтөбеде қаласындағы №19 мектеп түлегі пышақ жарақатынан көз жұмды. Оқиға маусым айының 17-нен 18-не қараған түні Ақтөбе қаласының Тургенев көшесінде болды деп жазады ҚазАқпарат.

Астананың тергеу абақтысында ер адам көз жұмды

Астананың тергеу абақтысында ер адам көз жұмды деп жазады Tengrinews.kz.