Соңғы жаңалықтар

мүфтият

Мүфтият имамы Дариға Назарбаеваны сынға алды

Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігі Батыс Қазақстан облысындағы өкілдерінің бірі Бақытжан Құралбайұлы ҚР Парламент Сенаты Халықаралық қатынас, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаеваны сынға алды. Бұған дейін сенатор еліміздегі "халал" балабақшаларға шүйліккен еді. Ал, имам болса баланы қылмысқа итермелейтін дін еместігін айтып отыр.

ҚМДБ өкілі салафилерді еркіне кімнің жібергенін айтып берді

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының өкілі, танымал исламтанушы Ерсін Әміренің айтуынша, діни радикалдардың елімізде тым еркін әрекет етуіне мүфтиятты кіналай беруге болмайды. Өйткені, діни ағымдармен айналысатын елімізде арнайы мемлекеттік органдар жұмыс істейді. Ал, ҚМДБ діни проблемаларды шешудің жолдарын бұған дейін қанша ұсынса да олар түрлі жолдармен қабылданбай келген дейді ол.

Мүфтият трансвестизмге шариғатта тыйым салынғанын ескертті

Шариғатта жынысты ауыстыруға тыйым салынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөліміне сілтеме жасапр. Оған бірнеше аят пен хадис мысалға келтірілді.