Соңғы жаңалықтар

мәдениет

Шымкентте жаңа киностудия ашылмақ

Шаһарда шытырман оқиқаға толы телехикаялар мен анимациялық фильмдерді түсіретін ауқымды студия ашылады. Ал оларды қолдау үшін жарнама жұмыстары белсенді атқарылады. Яғни, орталық даңғылдар мен көше бойына жарнама қағаздары мен тақтайшалар ілінеді.

Жемқорлықтың алдын алудың басты амалы - құқықтық мәдениетті қалыптастыру

Зейнетақы төлеу орталығы қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыруға өз үлесін қоспақ. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің Сайрам аймағы бойынша ауданаралық  басқармасының ұйымдастырумен өткен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу, алдын-алу және болдырмау» тақырыбымен лекция барысында айтылды.

Паң өнердің падишасы мен сазды дыбыстың сиқыршысы – Астанада

Ресейдің Халық артисі, Ресей Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, тағдырдың жазуымен орыс өнерін өркендеткен әлемге танымал қазақ қызы Алтынай Асылмұратова  «Астана Опера» театрының балет труппасының көркемдік жетекшісі болып елге келді. Онымен бірге Ахмет Жұбановтың шөбере жиені, Нидерландының, Германияның, Норвегияның, Ирландияның Жапонияның ең айтулы симфониялық оркестрлерінде бас дирижер болып, талғампаз еуропалықтарды өнеріне бас идірсе де, қазақ азаматы екенін қалтасындағы Қазақстанның көк паспорты айғақтайтын ұлтымыздың мақтан етер ұлдарының бірі Алан Бөрібаев та «Астана Опера» театрының бас дирижері болып оралды.

Елімізде 12 өңірлік мұражайдың жағдайы күрделі жөндеуді қажет етіп тұр

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифигте мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Қазақстан мен Түрікменстан мәдени шығармашылық байланыстар орнатуға келісті

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Түрікменстанның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мактымгулы Акмырадовпен кездесті. Онда мәдениет және спорт салаларындағы мемлекетаралық ынтымақтастық мәселелері сөз болды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Министрлік баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде мәдениет және өнер салалары талқыланған.

«Қазақстандық ведомства басшысы мен Түрікменстан Елшісі мәдени саладағы тәжірибе және екі мемлекеттің мәдениет және өнер өкілдерінің арасында шығармашылық байланыстар алмасуға келісті», делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қатысушылардың ойынша мәдениет саласындағы ықпалдастық тұрақты және ұзақ мерзімді болуға тиіс. Тараптар арасында Қазақстан мен Түрікменстан жетекші ұжымдарының қатысуымен түрлі концерттер, көрмелер, спектакльдер ұйымдастыруға келісімі жасалды.

Қазақтың салт-дәстүрлерін ЮНЕСКО сақтайтын болады

Қазақтың салт-дәстүрлерін ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне кіргізу ойда бар. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.