Соңғы жаңалықтар

неке
Елімізде ажырасу саны көбейіп барады

Елімізде ажырасу саны көбейіп барады

2019 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда некеге тұрғындардың саны 27,9 мың. Қала тұрғындарының үлесі 67 пайызды, ауыл аймақтарында 33 пайызды құрайды.

Махаббат жасқа қарамайды: Астанада 80 жастағы ер кісі мен 55 жастағы әйел бас қосты

 

Астанада 2018 жылы 80 жастағы қария мен 55 жастағы әйел некесін қиды деп хабарлайды Елорда әкімшілігі.

Төсек қатынасы кезінде ерлерді ашуландыратын жайттар

Ерлер төсек қатынасында көп нәрсеге көңіл бөлмейді деген сөз бар. Дегенмен, кез келген әйел мейірімі, мінезі, сұлулығымен ғана емес, ерлерді төсектегі қылықтарымен де қызықтыратыны сөзсіз. Сонымен, төсек қатынасы кезінде ерлерге не ұнамайды?

Неке құрмастан бұрын жыныстық қатынас жасау туралы Киелі кітап не дейді?

Сұрақ: Неке құрмастан бұрын жыныстық қатынас жасау туралы Киелі кітап не дейді?

Жасанды пәктік жасататын қыздар Шымкент пен Таразда көп болып шықты

Абыройынан айырылып, жасанды пәктік жасатуға жүгінетін қазақстандық қыздардың басым бөлігі Шымкент пен Тараздың тумалары болып шықты деп жазады сілтеме жасаған NUR.KZ.

Имам үшінші әйел етіп 11 жасар қызды алды

Малайзия билігі Клентан штатының имамын тексеруге алды деп хабарлайды South China Morning Post.

«Үкіметке бәрібір ме? ҚМДБ қайда?»: Балғынбек Имаш қытайлыққа күйеуге шыққан қазақ қызы жайында пікірін айтты

Бұрынғы айтыскер-ақын Балғынбек Имашев аралас некеге заңмен тыйым салу керектігін айтты. Оны жүзеге асыру үшін көпшілік болып қоғамдық кеңес құруды ұсынып отыр. Сондай-ақ, ақын жақында ғана Қытай азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызын жақтағандарды сынады.

«Қытайға қыз беру туралы пост жазам ба деп едім, бүкіл әлеуметтік желілерде шу көтеріліп, біраз белсенділік байқалды. Әлxәмдулилләһ! Қазақтың біраз намысты қыз-жігіттері тойды тоқтату түгілі, тауды қопаруға дайын екендіктерін байқатты. Өкініштісі, «Онда тұрған не бар?», «Қытайлар да адам ғой», «Бақытты болса болды емес пе?» деген пікірлер де көрініп қалды. Міне, шіріген жұмыртқа деп осыларды айтады. Осындайлардың санасын сауықтырмай, миларын емдемей, емдеуге келмесе, ортадан аластамай біздің қазақ ел болмайды. Ең жаманы: Құдалықтағы апалардың сөзі. "Бәрі дұрыс" дейді. "Орамалды құрбыларына берейік, сендер де осындай жақсылыққа жетіңдер!" деп қояды беттері бүлк етпей! Масқара ғой. Жиіркенішпен, амалсыз жасаған әрекет емес, ризалықпен, қуана айтып тұр. Масқараның бұдан зорын мен білмедім. Қытайға емес, соны жақсылық деп есептеген, қазақы камзолдағы әйелдерге (ана деуге аузым бармай тұр) қаным қарайды! Видеоны ешкімге таратпадым, басқалардан келген сайын өшіріп тастап отырдым, зығырданым қайнады! Не істейміз? Мәселе қытайда емес, өзімізде ғой! Өлімнен күшті деген ұят қайда? Намыс қайда? Тектілік қайда? Иман қайда? Қытайға қыз бердің, діннен шықтың ғой, муртад болдың ғой! Жаназаң оқылмау керек қой! Үкіметке бәрібір ме? Парламент не себепті тым-тырыс? Каникулға тыныш кеткісі келе ме? Қоғам алдында құзыры төмен болса да, құдай алдындағы жауапкершілігі жоғары ҚМДБ қайда? Неге үнсіз? Құрметті, қоғам белсенділері, намысты Қазақ баласы! Дереу арада зиялы қауым өкілдері, Үкімет мүшелері, білімді имамдар, білікті заңгерлердің басын қосып қоғамдық Кеңес құрайық! Парламентке Заң жобасын ұсынайық!Аралас некені заңмен тыя алмасақ, қатаң шарттар мен шаралар қабылдайық. Қытайға қатын болған іштен шыққан шұбар жыландарды Қазақстанның азаматтығынан айырайық! Шетелдік күйеубалаларға азаматтық бермейік! Желіде шуламай, ел болып заң аясында қимылдайық. Ертең Алла алдында әрқайсымыз сұраламыз...», – деп жазды Балғынбек Имашев өз Instagram-парақшасында.

Еске салайық, бұған дейін қазақ қызының қытайлық жігітке күйеуге шығып жатқан видеосы желіде тарап, көпшіліктің қызу талқысына түскен болатын. Ал, танымал продюсер Баян Алагөзова «махаббат ұлтқа қарамайды» деп, шетелдікке тұрмысқа шыққан қазақ қызын қолдады.

«Қазақ қыздарын қорлап жүрген жерлестерім баршылық»: Оғыз Доған өзге ұлт өкіліне қыз беруге қарсы

Қазақ тілінің жанашыры, түрік азаматы Оғыз Доған қазақ қыздарының өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығуына қарсы. Өзі де қазақ қызына үйленген ол, бірінші некесінің сәтсіз болғанын айтты.

«Мен қыздардың өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығуына қарсымын. Қанды араластырмау керек. Көрермендерден «Онда өзің неге қазақ қызына үйлендің?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Біз бір-бірімізге өзге ұлт өкілі емеспіз. Сол себептен біздің қыз алыса берумізге болады. Өкінішке қарай, менің жерлестерімнің ішінде де қазақ қыздарын қорлап, қазақтың халқын, мәдениетін кемсітіп жүргендер баршылық. Әрине, ондай адамдарға қыз беруге, үйленуге қарсымын», – дейді Оғыз Доған «ТalkLike» интернет-бағдарламасына берген сұхбатында.

Жақында ғана Қарағандының қызымен отасқан Оғыз Доғанның бірінші әйелі де қазақ болған. Одан бір ұлы бар.

Алдыңда не күтіп тұрғанын білмейсің: Асхат Тарғын бірінші әйелімен не үшін ажырасқанын айтты (ВИДЕО)

Асхат Тарғын өзінің бірінші некесінен туған қызын концерттерге жиі алып шыққанымен, әйелі жайлы тіс жарып айта қоймады. Қайда барса да алдынан кесе көлденеңдеп шығатын сұраққа әнші бұл жолы еркін жауап берді.

Қыдырәлі Болманов "бірінші некесі" жайлы айтты

Күні кеше Қыдырәлі мен Қарақат отасқандарына 17 жыл болғанын айтып, қуаныштарын халықпен бөлісті. Бір-біріне ерекше құрметтерін әлеуметтік желі арқылы көрсетіп жатты. Желі қолданушылары да өз кезектерінде жұлдызды жұпты құттықтауға асықты. Арасында продюсердің “бірінші отбасына” қатысты сұрақ қойғандар да болды деп жазады Janalikhtar.net.