Соңғы жаңалықтар

Пара

Мөлдір Әуелбековамен ән айту үшін қазақстандық әйел «телеарна өкіліне» пара бергенін айтты

Мөлдір Әуелбековамен дуэт айту үшін ата-аналардың бірі әншіге хабарласып, 75 мың теңге көлемінде пара бергенін айтқан. Тіпті ол аталған бағдарламаның «Qazaqstan» телеарнасынан шығатынын да жеткізген екен.

Алматыда парамен ұсталған шенеунік тергеу кезінде терезеден секіріп қайтыс болды

"Қазводхоз" РМК Алматы филиалының директоры Сейілхан Мұхамадиев жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаментінің терезесінен секіріп өлді. Бұл ақпаратты Ұлттық бюроның баспасөз қызметі растады деп мәлімдейді Sputnik Қазақстан. 

Тағы бір кино маманы Мәдениет министрлігіндегі жемқорлық жайында айтып берді

Анимациялық кино қауымдастығының президенті Ғали Мырзашев режиссер Талғат Жәнібековті қолдайтынын айтып, Қазақстан киноиндустриясындағы жемқорлық жайында айтып берді. Бұл туралы Informburo.kz порталы жазып отыр.

Қызылордалық мемқызметкерлер параны жанармай талонымен алған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Қызылорда бойынша департаментінің мамандары Ревизиялық комиссияның бас мамандары - мемлекеттік аудиторлар Б.Баймаханов пен Р.Қуанбаевты пара алып жатқан жерінен ұстады.

Астаналық бірнеше полицей пара алып жатқан жерінен ұсталды

Астана мен қостанайлық 4 тәртіп сақшысы пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Жамбыл облысының бас сәулетшісі парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Жамбыл облысы бойынша департаментінің мамандары облыстық "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ басшысын пара алды деген күдікпен қамауға алды. Бұл жайында департаменттің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Юрий Дирр пара берді деген күдікпен қамауға алынды деп хабарлайды Tengrinews.kz Жемқорлықпен күрес ұлттық бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап.

Ұлттық компанияның басқарма төрағасы ірі көлемдегі парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Ұлттық бюроның Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Манарбек Сапарғалиевті делдал арқылы жалпы сомасы 1,2 млн. теңге көлеміндегі кезекті параны алып жатқан жерінде ұстады деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.

Жамбыл облыстық экология департаментінің басшылары парамен ұсталды

Жамбыл облыстық экология департаментінің басшысы, басшысының орынбасары және осы департаменттегі бөлім басшысы пара алды деген күдікпен ұсталып, олардың үстінен сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қостанай тұрғыны шененунікке 1 қорап кәмпит бергені үшін сотталды

Қостанай тұрғыны әкімдік қызметкеріне 1 қорап кәмпит бергені үшін істі болып, 396 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді деп жазады Tengrinews.kz Қостанай облыстық сотына сілтеме жасап.