"Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат үміткері Б.Тәжібаев бастаған насихаттық топ «Есіктен есікке» акциясы аясында манкенттіктермен кездесті.
Кездесу соңында «Jas Otan» ЖҚ-ның белсенді мүшесі Амалхан Төлебек бүгінгі атаулы күн Тәуелсіздік күніне орай өз өлеңін жатқа оқып берді. Сондай-ақ, жастар көкейде жүрген сауалдарын жолдады.
Акция аясында «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері тұрғындарға «Қазақстанның басты 7 жетістігі» мен «Nur Otan-ға дауыс бер», «Жаңа жетістіктерге бірге жетеміз!» атты үнпарақтар үлестірді.
Кездесуде елтайлықтар аурухана, мектеп құрылысы, қолжетімді несие, жер, ауызсу, тұрғын үй, қираған көпірді қалпына келтіру, жол салу секілді түйткілді мәселелерді көтерді.