Соңғы жаңалықтар

пікір
Қасым-Жомарт Тоқаевқа қалай хат жолдауға болады?

Қасым-Жомарт Тоқаевқа қалай хат жолдауға болады?

«Әр хат ресми тіркеледі, оны өзім де қараймын және Әкімшілік қызметкерлері де қарастырады», - деді Президент.

Аноним пікір жариялаған сайттар бір жарым айдан соң жауапқа тартыла бастайды

Сайт иелерін қолданушылардың аноноимді пікірі үшін бір жарым айдан кейін жазалай бастайды. Бұл туралы ақпарат министрлігі айтты.

Назгүл ҚОЖАБЕКОВА: «Өзімді тіл сақшысы сезінбеймін, тек айғайлап тұрған қате көрсем шыдай алмаймын»

Назгүл Қожабекова 1982 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. М. Дулатов атындағы №136 қазақ орта мектебін, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін «Әдеби шығармашылық» мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология магистрі. Баспа ісі, деректі фильмдер шығару саласында жұмыс істеген. 2011 жылдан бері Интерньюс қызметкері. Телебағдарлама, онлайн-ресурстар әрі веб-жобалар редакторы, медиатренер.

Ел деген ерсіз бе, оңтүстік сізді төбеге көтереді

Осы кейбір жұрт «Оңтүстіктің халқына ешкім жақпайды» деп жатады. «ДТ», ҚТ» болып бөлінеді» деп сөгетіндер ғой, тіпті көп. Сол әңгімені айтып жүргендердің басым көпшілігі өздерінің не айтып жүргендерін Құдай біледі деп айтайық, өздері де дұрыстап біле бермейді. Әсілі, Оңтүстіктің халқындай дарқан пейіл, досқа құшағы оттан да ыстық жұртты табу қиын. Ел деген азаматты төбесіне көтере білуді осы түстік жұртынан үйренудің еш артықшылығы жоқ. Тек бұл елге ісіңіз жақсын!

Әрбір азамат сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге міндетті

«Нұр Отан» партиясының ОҚО бойынша филиалы жанынан құрылған ақпараттық-насихаттық топтың болашақтың  бес институттық реформасы - «100 нақты қадам» бағдарламасын таныстыруы Түркістан қаласында жалғасты. Насихаттық топ қала халқы, қоғамдық ұйым өкілдері мен жастармен бірге құнды құжатты талқылады. Келешектің кемел ойларын пайымдады.

Тәртіптік кеңесте жарты жылда 54 тәртіптік іс қаралған

 «Жергілікті жерлерде кәсіби мемлекеттік аппарат жақсы жұмыс істейтін болса, онда арыз-шағымдар орталыққа ағылмас еді. Әрбір мемлекеттік қызметшінің еңбек нәтижесі және жұмыс ауқымына қарай ақы төлеу болатын болса, сонымен қатар, қызметтік пәтер берілсе, онда қызметкер еш нәрсеге алаңдамай, өз жұмысына құлшына кірісіп, зор жауапкершілікпен атқарады» деп есептейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы М.Ахметов.

Жас отбасылар да сайлауға белсенді түрде қатыспақ

 Ақтау қаласы жастарының ұйымдастыруыменен «Ақбота» саябағында «Моя семья голосует ЗА!» атты жас отбасылар фестивалі өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Сәбит Оразбаев, Қазақстанның халық артисі: Өзбектің әніндегі екі сөздің бірі – «мехнат», ал қазақтікі – «ойна да күл»

– Аға, біздің естуімізде ұстазыңыз Асқар Тоқпанов: «Менің шәкірттерімнің ішінде Кеңес Одағының Халық артисі атағы берілмей,  лайықты бағасын ала алмай қалғаны жалғыз Сәбит Оразбаев» деп отырады екен. Шынымен де, алуға үлгере алмадыңыз ба, әлде басқа себебі болды ма?

«...Бекболат ағанікі өнерге жаны ашу емес»

Жүрсін Ерман да Бекболат Тілеухан да қазақтың маңдайына біткен бақ. Екеуі де ұлттың аяулы ұлы. Екеуі де текті адам. Ұрпақ тараса екеуінен тарасын. Бірақ, бір нәрсеге ішім ашиды. Неге Бекболат аға айтыстың шылбырын қолына алғысы келді? Жүрсін Ерман екі тізгінін тең ұстап келе жатыр еді ғой. Бекеңсіз де айтыс айтыс еді. Айтыс онсыз да асқақтап тұрған. Онсыз да айтыс өлмейтін еді. Өйткені Жүкең тірі ғой. Бұл жерде басы ашық нәрсе бар. Бекболат ағанікі өнерге жаны ашу емес. Егер шынымен өнер үшін, өнерге жаны ашығандығы үшін еңбектенгісі келсе, өзінің тербетілген бесігі - дәстүрлі ән өнері бар емес пе? Сол дәстүрлі ән қазір бейшара күйде. Соны неге жандандырмайды? Ол Бекеңнің қолынан келетін еді ғой. Бұл жерде Бекеңе идеология керек сияқты. Кешегі Ақанның «Балқадишасын» бір әншінің балбыратып орындағанынан қазаққа келер пайда аз. Ал айтыста жаңа сөз, жаңа ой айтылады емес пе? Мен бұл жерде ештеңе айтқым келген жоқ. Тек Жүрсін Ерманды жетімсіретпейікші. Ол айтыс үшін туылған адам. Енді қанша өмірі қалды дейсіңіз, 50-ақ жыл өмірі қалды. Сол елу жылында оны айтысынан айырмайық. Ал Бекболат ағамның домбырасы бар емес пе?!

Бейбіт САРЫБАЙ,

ақын.

Тоқаев ресейлік арнадан көрсетілген өз фотосы жайлы пікірін білдірді

Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік телеарнадан өз фотосуретінің көрсетілгені жөнінде түсінік берді, деп хабарлайды Skifnews.kz.