Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жанында 45 жыл жұмыс істеп келе жатқан сенімді адамы. Ол министрлікті, министрлер кабинетін, Сенатты басқарып, Қазақстанның халықаралық ұйымдарында қызмет атқарды. Елбасы Назарбаев Қазақстан халқына арналған соңғы үндейінде Тоқаев жайлы былай деген еді: «Ол Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап менімен бірге жұмыс істеп келеді. Мен оны жақсы білемін. Ол – адал әрі жауапкершілігі жоғары азамат. Еліміздің ішкі және сыртқы саясатын жан-жақты сезінеді. Ол барлық бағдарламаларды әзірлеуге және қабылдауға атсалысты».
Біздің ортақ міндетіміз - ҚР Президенті сайлауын әділ, заңды және ашық өткізуді қамтамасыз ету. Бұл туралы Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қасым-Жомарт Тоқаев - уақытша Президент емес. Бұл туралы халықаралық шолушы, жазушы, белгілі ресейлік журналист Леонид Млечин өзінің YouTube-тағы арнасында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан әрбір президентікке үміткер азаматқа республика бюджетінен 7,5 миллион теңгеден бөледі. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз хатшысы Сабила Мустафина айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
«Nur Otan» партиясының төрағасы, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілерімен кеңес өткізді. Жиында Әбішұлы партия атынан кезектен тыс өтетін президенттік сайлауға кандидат ұсынуды тапсырды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Ағымдағы жылдың 9 маусымында өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға кандидаттар үгіт жұмыстарын 11 мамырда бастайды. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
9 маусымда болатын кезектен тыс сайлау қоғамдағы тұрақтылық пен елдегі келісімді сақтаудың бірден бір жолы. Осылай деген қоғам белсендісі әрі блогер Қазыбек Шайх президент Қасым-Жомарт Тоқаев үндеуінің дұрыс шешім екенін айтады.
2019 жылы 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауында Сенат спикері Дариға Назарбаева өз кандидатурасын ұсынуды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы Назарбаеваның көмекшісі Сәуле Мұстафаева мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
31 наурыз күні Түркиядағы сайлау учаскелерінің бірінде атыстан 2 адам қаза тапты деп хабарлайды Малатия провинциясының Путурдж қаласындағы губернатор кеңсесі.
Тәуелсіз Малайзия тарихында он алтыншы король болып сұлтан Риайятуддин Әл-Мустафа Биллах Абдулла сайланды деп жазады РИА Новости.