Соңғы жаңалықтар

сайлау
Украинада президенттікке кандидаттарды тіркеу науқаны басталды

Украинада президенттікке кандидаттарды тіркеу науқаны басталды

31 желтоқсанда Украинада президент сайлауына кандидаттарды тіркеу науқаны басталды. Кандидаттар 2019 жылдың 3 ақпанына дейін тіркелуі тиіс. Сайлау комиссиясы кандидаттар есімін 8 ақпанда жариялайды. Сайлау 31 наурызда өтеді деп жазады Азаттық.

Назарбаев президент сайлауының өтетін мерзімін айтты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауына әлі екі жыл бар екенін айтты деп жазады Sputnik Қазақстан

Ирактың президенті сайланды

Күрдістан патриоттық одағынан кандидат Бархам Салех Ирактың жаңа президенті болып сайланды. Республика парламентінде өткен сайлау қорытындысы бойынша, Салехке 165 депутат дауыс берді. Дауыс беру барысын As Sumariya телеарнасы тікелей эфирден көрсетті деп хабарлайды ТАСС.

Трамп 2020 жылы АҚШ-тың президенттік сайлауында үміткер болатынын айтты

Дональд Трамп Ұлыбританияға сапары барысында АҚШ Президенті ұшағының бортында британдық тележурналист Пирс Морганға эксклюзивті сұхбат берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ердоған Түркиядағы сайлау нәтижесі бойынша мәлімдеме жасады

Түркия әлемге демократия сабағын үйретті, деп мәлім етті Режеп Тайып Ердоған президент және парламент сайлауының нәтижесіне түсініктеме бере отырып.

Әзербайжан парламенті елдің үкімет басшысын бекітті

Бүгін Әзербайжан парламенті пленарлық отырыста елдің жаңа премьер-министрі ретінде президенттің сыртық саясат бойынша көмекшісі Новруз Мамедовтің кандидатурасын  мақұлдады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның келесі президенті өзге ұлт өкілі болуы мүмкін

Азаматтық қоғам құрылғанда өзге ұлттың өкілдері де Мемлекет басшысы болып сайлануға мүмкіндік алмақ. Бұл туралы бүгін  ақпарат құралдарында жарияланған Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында айтылды деп жазады dalanews.kz.

Сенатқа сайланған 16 депутаттың 5-і облыс әкімдерінің орынбасарлары

5 облыс әкімінің орынбасары сенатор болып сайланды. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов мәлім етті деп жазады ҚазАқпарат.

Заңгер: «Депутаттарды халық сайлап алған жоқ»

Күні кеше Сенат депутаты Бірғаным Әйтімова Астанада өткен жиындардың бірінде отандық БАҚ өкілдері арқылы «депутаттарды жиі сынайсыздар, оларды сайлаған өздеріңіз» деп қоғамға ренішін білдірген болатын. Ал, танымал заңгер Джохар Утебеков болса сенатордың бұлай деуі еш қисынға келмейтінін айтып отыр.

Америкалық сарапшы сайлаудан соң Өзбекстанның жаңа өмірі басталатынына сенімді

Өзбекстандағы президенттік сайлаудан кейін елде үлкен өзгерістер орын алуы мүмкін. Бұл туралы Джонс Хопкинс университеті (АҚШ) жанындағы Орталық Азия мен Кавказ институтының төрағасы Фредерик Старр мәлімдеді.

Оның пікірінше, сайлау экономикасы тұралап қалған елге міндетті түрде жаңашылдық алып келуі тиіс. «Сайлаудың аты сайлау. Одан кейін не болады? Міне, бар мәселе осында. Менің ойымша, Өзбекстандағы президенттік сайлаудан кейін елде дамудың жаңа кезеңі басталады», — деп атап өтті Ф.Старр.

Сарапшының пікірінше, қазіргі өзбек билігі өздеріне бүкіл әлем назар аударып отырғанын жақсы біледі. Сондықтан, өткен қателіктерге жол бермеуге барынша тырысып бағады.

Естеріңізге салайық, Өзбекстанда кезектен тыс президенттік сайлау 4 желтоқсан күні өтті. Елдің Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, сайлаушылардың 87,8 пайызы, яғни 17 млн 941 адам дауыс берген.

Қоғамдық пікір сауалнамасы бойынша, мемлекет басшысы қызметін уақытша атқарушы Шавкат Мирзияевтің жеңіске жету мүмкіндігі жоғары. Мирзияев алғашқы өзбек президенті кезінде премьер-министр болды. Ол ішкі және сыртқы саясат бағытын әрі қарай жалғастыруға уәде берді.

Өзбекстанда кезектен тыс президент сайлауы республиканың алғашқы президенті Ислам Кәрімов қайтыс болған соң ұйымдастырылды. Ресми мәлімет бойынша, Ислам Кәрімов 2 қыркүйекте 79 жасында миына қан құйылу салдарынан қайтыс болды.