Бүгін Орталық сайлау комиссисы Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін бекітті.
1 ақпан күні жергілікті сайлау комиссияларынан келіп түскен мәліметтерге сәйкес 1050 адам мәслихат депутаты болуға өз кандидатураларын ұсынған. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап Today.kz жазады.
Күні кеше Қ азақстан орталық сайлау комиссиясы елімізде ресми тіркелген 7 партияның тізімін жариялады. Олардың ішінде «Азат», «Ақ жол», «Ауыл», «Бірлік», ЖСДП (Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы), Қазақстан коммунистік халық партиясы және «Нұр Отан» партиясы бар. Аталған партиялар 19 ақпанға дейін сайлауға қатысатынын ОСК хабарлауы керек. Егер кейбір партиялар сайлауға қатыспаса, олардың басына қара бұлт үйірілуі мүмкін.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Дәурен Абаев эстрада әншілері мен актерлардың, танымал спортшылардың Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің партиялық тізіміне неліктен енгізілгенін түсіндіріп берді деп жазады Tengrinews.kz.
Кеше мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс 17-ші съезі өтті. Мемлекет басшысы осынау жиында қоғамдағы күрделі мәселелерге тоқталып, жұртшылықтың талқысына салды. Нақтырақ айтсақ, Президент экномикалық дағдарыс кезеңінде бай-бағландардыа ақшаларын елге әкелуге шақырды. Алайда, көпшілікті съезде айтылған мәселеледен гөрі депутаттыққа үміткер азаматтардың тізімі қызықтырып отырғаны белгілі.
«Нұр Отанның» кезектен тыс XVII съезі 29 қаңтарға жоспарланған. Ол Астанада өтеді. Айтулы жиында партияның сайлауалды бағдарламасы қабылданбақ делінген «Нұр Отанның» ресми сайтында. Осыған орай Мемлекет басшысы - «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев кезектен тыс съезді шақыру қаулысына қол қойды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.
Өткен сәрсенбі күні Мәжіліс депуттары өздерін өздері тарату туралы бастама көтергені белгілі. Арада бір тәулік өтпей жатып, тиісті мекемелер сауалнама жүргізіп үлгеріп, саясаттанушылардың, әлеуметтанушылардың, журналистердің, қарапайым халықтың қанша пайызы сайлауды қуана қолдап отырғандарын анықтағаны мәлім болды.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары отырыс барысында мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізу туралы бастаманы бірауыздан қолдады.