Беларусьте өткен президент сайлауында Александр Лукашенко жеңіске жетті, алдын ала мәліметтер бойынша ол 83,49% дауыс жинаған. Бұл туралы елдің Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Лидия Ермошинаға сілтеме жасап ҚазАқпарат жазады.
Беларусьтегі президенттік сайлауда мерзімінен бұрын дауыс беру басталды
Бұл туралы «БЕЛТА» хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев Қазығұрт, Төлеби аудандарының халқымен кездесіп, «100 нақты қадамды» жүзеге асырудың тетіктерін түсіндірді. Сенатормен кездесуге ауыл оқругінің әкімдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері және дербес ұйым өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары қатысты.
Латвия сеймі ел президенті ретінде Раймонд Вейонисті сайлады, ол бұған дейін қорғаныс министрлігін басқарған, деп хабарлайды Би-би-си.
ҚР Президенттігіне үміткер ретінде Орталық сайлау комиссиясына өтініш берген Уәлихан Қайсаровты сайлау комиссиясы үміткер ретінде тіркеуден бас тартты. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен бүгін Астанада өткен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бізде 130-дан астам ұлт бар дейміз, көп ұлтты мемлекетпіз деп лепіреміз. Бірақ, бір ғана кіндік ұлт бар екенін, қалғаны диаспора болып табылатынын, мемлекет бір ұлтты екенін, тек Қазақстан қоғамы ғана көп ұлтты екенін елей бермейміз. Тіпті, диаспораларға екпін қоя отырып, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» деген атынан ат үркетін орган да жасап қойдық. Әу баста қоғамдық ұйым етіп құрылған Ассамблеяны қызды-қыздымен Парламенттің төрінен бір-ақ шығардық. Ол аздай, заңға қайшы болса да, Ассамблея мүшелеріне сайлау науқанында екі дауысқа ие болатындай құзыретті тағы бердік.
Қазан айында өтетін парламент сенаты сайлауына 88 кандидат ұсынылған. Бұл туралы бүгін Астанадағы брифингте Қазақстан орталық сайлау комиссиясының баспасөз хатшысы Венера Жексембекова мәлім етті.
Түркияда премьер-министр Ахмет Давутоглумен министрлердің жаңа кабинеті жұмада сайланады, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.
Украина президенті Петр Порошенко Жоғарғы Радаға мерзімінен тыс сайлау ағымдағы жылғы 26 қазанда өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.