Соңғы жаңалықтар

сайлау
Украинадағы сайлау: Зеленский ресми түрде жеңімпаз атанды

Украинадағы сайлау: Зеленский ресми түрде жеңімпаз атанды

Украинаның орталық сайлау комитеті президенттік сайлаудың екінші кезеңінің ресми нәтижесін жариялады. Қорытында бойынша әзілкеш әрі шоумен Владимир Зеленский ресми түрде жеңімпаз атанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әміржан Қосанов президенттікке кандидат ретінде ұсынылды

Алматыда "Ұлт тағдыры" ұлттық патриоттық бірлестік" қоғамдық бірлестігінің баспасөз-конференциясы өтті. Жиында Қазақстан президенті лауазымына кезекті кандидат ретінде Әміржан Қосанов ұсынылды. 

Белгілі экстрасенс елімізде сайлаудан кейін не болатынын айтты

Белгілі экстрасенс, ресейлік «Битва экстрасенсов» байқауында үздіктердің қатарынан табылған Бақыт Жұматова президент сайлауынан кейін Қазақстанда не өзгеретінін айтты  деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Президенттікке үміткер ретінде Сәдібек Түгел алғаш боп құжаттарын тапсырды

Президенттікке үміткер ретінде Сәдібек Түгел алғаш боп құжаттарын тапсырды, деп xабарлайды Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі. 

Ермұрат Бапи ЖСДП саяси кеңесі съезінде президенттікке ұсынылмақ

Сәуірдің 22-сі күні Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының саяси кеңесі партия съезінде «Дат» газеттер жобасының жетекшісі, журналист Ермұрат Бапиды саяси ұйымның атынан сайлауға кандидат ретінде ұсынатынын хабарлады.

ОСК Нұрлан Қоянбаевтың кандидатурасына қатысты жауап берді

Шоумен Нұрлан Қоянбаевтың президенттікке кандидатурасы Орталық сайлауға келіп түспеген. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров ОСК кулуарында мәлімдеді. 

Қарттарға қамқорлық артса екен (ВИДЕО)

Еңбек жолын ұстаздық етуден бастап, совхоз басшылығына дейін көтерілген  Сағидолла Ғаббасұлы қырық жыл елдің қарыштап дамып, өркендеп өсуі үшін аянбай тер төккен азамат. Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғанға дейінгі жылдары мен егемендік алып еңсені тіктеген сәттерінің куәгері болған еңбек ардагері ел ішінде болып жатқан өзгерістерге оң баға беріп отыр. Оның ендігі тілегі ел басқаруға келер жаңа басшы осы бағытты жалғастырып, мемлекет дамуына жақсы өзгерістер әкелсе, қарттарға жасалар қамқорлығын  арттырса дейді.

Сайлауымыз – әділ, үміткеріміз дәділ болсын!

Ұлы ақынымыз, абыз Шәкәрімнің «Бұл ән – бұрынғы әннен өзгерек»дегеніндей бұл жолғы сайлаудың жөні бөлек. Өйткені бұл Президент сайлауына 30 жылдан бері алғаш рет Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатыспайды. Оның үстіне Қазақстан Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеуінде  «Сайлау әділ де, ашық, таза өтетініне кепілдік беремін» деп мәлімдеді. Яғни, мемлекет басшысының бұл сөзі елдің үмітін оятып, саяси партиялардың қарқынын  күшейтуі  тиіс.

«Елбасы басқарған кездегідей тыныш болса»: елордалықтар жаңа президенттен не күтеді? (ФОТО)

«Елбасы басқарған кездегідей тыныш болса». Осылай деген елордалықтар болашақ мемлекет басшысынан не күтетінін, алда қандай мәселелерді шешу керек екенін айтты. 

Жәнібек Жұмабеков, дыбыс режиссері 

Кезектен тыс сайлау өтетініне қуаныштымын. Елді билеуге жас адам келеді деп ойлаймын. Осы орайда Елбасына алғыс айтқым келеді. Уақыт өз дегенін алады. Енді күш-қайраты тасып тұрған адам президент болуы керек. Жақында ғана Тоқаев өз сөзінде сайлаудың әділ өтетінін айтты. Солай болады деп сенемін. 

Әбдіқадыр Сабыр, Гумилев атындағы ЕҰУ-нің профессоры

Жаңа сайланатын президент қазақ тілінің мәселесін шешеді деп ойлаймын. Сондай-ақ жемқорлықты жойып, кіші және орта бизнеске демеу болса. Және әлеуметтік сұрақтар да шешімін тапса деймін. 

Жанар Тұрымбаева, кітапхана қызметкері

Біріншіден сайлаудың әділ өткенін қалар едім. Сосын кітапхана қызметкерлерінің жалақасы өссе деймін. Мұғалімдердің еңбегі бағалансын. Зейнетақы көбейіп, Елбасымыз айтқандай экномикамыз алға жылжыса екен. 

Балқаш Жұбатқанқызы, тұрғын

Барлығы халық үшін жасалуы керек. Жастардың шет ел асып кетпеуі үшін оларға жағдай жасаған дұрыс. Жатақханамен қамтамассыз ету керек.  Елбасымыз басқарған кездегідей бейбіт болсақ деймін. 

Мәди Асылхан, студент

Мен Тоқаевтың кезектен тыс сайлауы туралы шешімін қолдаймын. Өзім де Тоқаевқа дауыс беремін. Алда оқытушылар мен дәрігерлердің жалақысы көтерілсе деймін. 

Аида Сағатбекова, туристік фирма директоры 

Жаңа прездент Елбасының саясатын жалғастырып, елімізді одан әрі дамытсай деймін. 

Туристік салада қызмет ететіндіктен Қазақстандағы туризмді  қолға алып, Түркістан, Самарқанд, Бұқара баратын арнайы туристік кластер жасалса екен.

Сандуғаш, декреттік демалыстағы ана

Баланың бір жасына дейін ғана айлық жәрдемақы аламыз. Ал декреттік демалыс 3 жыл. Жәрдемақыны да 3 жылға дейін ұзарту керек. Жалақаны да көбейту керек. Назарбаевтың кезінде бәрі тыныш еді. Солай боп қалса екен. 

Наталья, зейнеткер

Зейнеткерлер әлі кімге дауыс беру керек екенін білмейді. Жаңа президент денсаулыққа көңіл бөлсе жақсы болар еді. Қазір емханаға барсам, 60 жастағы менімен ешкім де жөнді сөйлескісі келмейді 

 

Зульфия РАИСОВА

Фото: Ертай ЫДЫРЫШ

Блогер: «Көп балалы аналарға табылмаған қаражаттың сайлауға табылғаны қандай өкінішті!»

Белгілі заңгер, блогер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек елімізде болатын сайлауға қатысты ойымен бөлісті. Ол Instagram-парақшасында көп балалы аналарға табылмаған қаражаттың сайлауға табылғанына күйінетін айтқан.