Ұзынағашта (Алматы облысы) Ұлттық ұлан әскери қызметшісі әскери бөлімде басына оқ атты деп хабарлайды Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.
Борышын өтеуге биыл мамырда шақыртылған 19 жастағы сарбаз 17 қарашада шекара заставасына қайтып келе жатқан жолда атылып өлген. Бұл мәліметті ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіндегілер растады деп жазады Tengrinews.kz.
Ақтауда 10 ай бұрын суға батып кеткен Бейбіт Бәшіковтің денесі әлі табылмай жатыр. Ал сарбаз отандық борышын өтеген 2201 Б әскери бөлімі аталған мәселеге қатысты тіс жармай отыр. Бұл туралы теңізшінің анасы Гүлнәр Бәшікова айтты деп жазады "Лада"
30 қыркүйек күні Ақтауда менингит диагнозымен ауруханаға түскен сарбаз күні кеше, яғни 14 қазан күні қайтыс болды деп хабарлдайды Маңғыстау облыстық Денсаулық cақтау басқармасының баспасөз хатшысы Азамат Сәрсенбаев.
9 қазанда Ақтауда сарбаз өз-өзіне қол салды деп жазады lada.kz.
Менингит диагнозымен ауруханаға түскен сарбаз Маңғыстау облыстық ауруханасының жалпы жансақтау бөліміне ауыстырылды деп хабарлайды аурухана басшының орынбасары Үміт Ілиясова.
Маңғыстау облыстық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне түскен №6656 әскери бөлімінің 13 сарбазының бірі комада жатыр. Облыстық денсаулық сақтау департаменті бұған дейін тараған «сарбаздар менингит ауруына шалдыққан» деген ақпаратты жоққа шығарып отыр деп жазады Азаттық.
19 қыркүйек күні Қарағандыда әскери борышын өтеп жүрген №6505 Ұлттық ұланның сарбазы өз-өзін атып өлтірді деп хабарлайды NUR.KZ.