Сириялық қарулы оппозиция басшысы, «Джейш аль-Ислам» тобының өкілі Мохаммед Аллуш бүгін Сириядағы ахуалды реттеу жөніндегі келіссөздерге қатысу үшін Астанаға келді деп хабарлайды Қазақпарат ҚР СІМ өкіліне сілтеме жасап.
«Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының сапына өтіп кеткен тәжік командирі Гулмурод Халимов ауыр жарақат алып, зейнетке шықты деп хабарлайды «Азия-Плюс». Мұндай ақпаратты тілшілерге Тәжікстан ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода таратқан.
Осман империясының әйгілі сұлтаны І Сүлейменнің қабірі табылды деп мәлімдеді мажар тарихшысы Норберт Пап. Билеуші 1566 жылы Сигетвара қорғанын алу кезінде қаза тапқан.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Түркия тарапынан Ресейге лаңкестік шабуылдар ұйымдастырылу қаупінің бар екенін айтты. Оған басты себеп, орыс билігінің Түркия тауарларына бақылауды күшейтуі дейді ол.
Түркия тарапы кеше атып құлатқан ресейлік Су-24 ұшағының екінші пилотын сириялық әскерилер құтқарып алды. Бұл жайында ливандық Al Mayadeen телеарнасы өзінің Фэйсбуктегі парақшасында мәлімдеді.
Сирия исламшылары альянсы мен үкіметтік әскер үш қалада соғыс қимылдарын 48 сағат тоқтата тұруға келісті, осы уақытта дәрігерлер мұқтаж жандарға көмек көрсетеді.
Егер АҚШ Конгресі Иранмен арадағы келісімді мақұлдамаса, Таяу Шығыста тағы да соғыс оты тұтануы мүмкін. Мұны АҚШ президенті Барак Обама Вашингтон университетінде сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Bnews.kz.
Украина Президенті Петр Порошенко Украинаға Ресей әскерінің кіргенін мәлімдеді. Ол Түркияға сапарын тоқтатып, шұғыл түрде Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесін шақырды, деп хабарлайды «Қазақпарат» РБК-ға сілтеме жасай отырып.