«Қазақстан Темір жолы» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев тағайындаулар жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ұлттық компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы аптада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Талғат Амангелдіұлы Ермегияев «Астана ЭКСПО - 2017» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның басқарма төрағасы қызметінен босатылып, оның бұл қызметін елорда әкімі қоса атқаратын болып бекіді. Бұдан өзге Батыс Қазақстан облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалып, бірқатар өңірге қарасты аудандарда жаңа әкімдер өз қызметтеріне кірісті. ҚазАқпарат апта ішінде орын алған осы және өзге де тағайныдауларға шолу жасайды.