Соңғы жаңалықтар

темір жол

Астана вокзалының ғимараты жолаушыларды сыйғыза алмауда (ВИДЕО)

Астанада ауа райының күрт бұзылуынан тек ұшақтар ғана емес, пойыздар да уақытынан кешігуде. Салдарынан Астана вокзалының ғимараты жолаушыларға лық толды.

Астанадағы жаңа вокзалдың құны 50-60 млрд теңгені құрайды

Астанада салынып жатқан жаңа темір жол вокзалының бағасын "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Асқар Мамин айтты.

Ақтөбе облысында 11 вагон өртеніп кетті

Ақтөбе облысында жүк пойызының рельстен шығып кетуі салдарынан дизельдік отын тиелген жеті вагон және құрғақ жүк тиелген төрт вагон өртеніп кетті деп хабарлайды "Новости Казахстан" АА ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қытай Ұлы Жібек жолын жандандыруға кірісті

Шыңжан Ұйғыр автономиялық өлкесінің Орталық Азияға тартылатын жаңа теміржол құрылысы «Бір белдеу, бір жол» жобасы бойынша жүзеге асырылып жатыр.

Теміржол билеттері "Қазпошта" арқылы сатыла бастады

Қазақстанда теміржол билеттері "Қазпошта" арқылы сатыла бастады, - деп хабарлайды  "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.

Үкімет Жезқазған өңірінің дамуы бойынша арнайы бағдарлама әзірлейді

Жезқазғанның кен өнеркәсібін дамытуға 200 млн. доллардан астам қаражат бағытталады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жезқазған –Бейнеу және Арқалық – Шұбаркөл теміржол желілерінің ашылу салтанаты барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

– Осында, Жезқазғанда болғандықтан, мен өңір туралы сөз қозғамай кете алмаймын. Қала үнемі назарда болды. Соңғы жылдары мыс кені қорының таусылып жатқанына байланысты біз қиындықтарға тап болдық және Жезқазған мыс қорыту комбинаты тоқтауға мәжбүр болды. Мен Жезқазған экономикалық өнеркәсіп өңірінің даму желісі бойынша үкіметке арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырдым. Кен ошағында тұрған ауылдардың тұрғындарын басқа орындарға қоныстандыруға, көлемі екі миллион тонна мыс алу үшін және Жезқазғандағы мыс қорыту зауытын іске қосуға 240 млн. доллар бөлінді, – деп мәлімдеді Елбасы теміржол желілерінің ашылу салтанатында. 

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының айтуынша, «Қазақмыс» корпорациясына бүгінде тоқтап тұрған жоғарыда аталған зауыттың жұмысшыларын жалақымен қамтамасыз ету тапсырылды.  – Мұндай әлемде ешқашан болған емес. Бір кездері Лондонда көмір өндіру кіріс әкелмегендіктен, шахталар жабылған еді. Нәпақасын тауып отырған 100 мың адам жұмыссыз қалған болатын. Сондықтан жезқазғандықтар оларға көрсетіліп отырған қамқорлық үшін үкімет пен Қазақмыс корпорациясына риза болуға тиіс. Қарашада біз зауытты іске қосамыз (мыс қорыту зауыты – автор ескертп.), адамдар өз жұмысына қайтып оралады, – деді Президент.  Жаңа теміржол бағыттарының ашылуын атап өткен Мемлекет басшысы мұның Қазақстан таңдаған жолдың дұрыстығын көрсететінін айтты.  – Жезқазған – Бейнеу және Арқалық – Шұбаркөл желілері өңірдің кейпін тұтастай өзгертіп отыр . Жезқазғанда енді темір жол қозғалысы жанданып, қала өңірлерді бір-бірімен байланыстыратын орталыққа айналады. Бұл қаланың дамуы үшін өте маңызды. Арқалық та көлік тұйығы болмайды. Бұл үлкен бақыт әрі маңызды оқиға. Енді ол республикалық және халықаралық маңыздағы стратегиялық бағытта орналасып отыр. Біз байтақ еліміздің шығысын, орталығы мен батысын, солтүстігі мен оңтүстігін темір жол арқылы берік байланыстырдық. Бұл бизнес үшін де үлкен мүмкіндіктерге жол ашады, – деп атап өтті Елбасы.  Естеріңізге салып өтсек, бүгін Жезқазған – Бейнеу және Арқалық – Шұбаркөл жаңа теміржол желілерінің ашылуы болып өтті. Қазақстан Президенті атап өткендей, жоба сомасы 500 млрд теңгені құраған.  Ашылу салтанаты тікелей қосылу арқылы құрылыстың 4 жөнелту нүктесінде: Маңғыстау облысында Бейнеу стансасында, Ақтөбе облысында Шалқар стансасында, Қызылорда облысында Сексеуіл стансасында және Жезқазған қаласында өтті. 

Елбасы қатысуымен «Жезқазған-Бейнеу», «Арқалық-Шұбаркөл» теміржолдары ашылды

Мемлекет басшысының қатысуымен «Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» жаңа теміржол желілерінің ашылу салтанаты болып өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Халықаралық бағыттардағы теміржол билеттеріне жеңілдіктер жалғасуда

2014 жылдың 1 тамызынан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ жасақтаған халықаралық және жүрдек пойыздарда жеңілдіктер жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Қазақстанда екі жаңа темір жол бағыты ашылады

2014 жылы Қазақстанда Жезқазган-Бейнеу және Арқалық-Шұбаркөл екі темір жол торабы ашылады, деп хабарлайды Skifnews.kz.