Бірнеше жылдан кейін бала сүю бақытына ие болған олар, сәбидің дүниеге келуін тағатсыздана күтеді. Әрбір күнді тізбектеумен болады. Осылай сарғая күткен уақыт та жетті. Сөйткенде, толғағы қысқан жұбайы дөп-дөңгелек мес (қарын) босанады. Аң-таң болған олар тез арада молда шақыртады.