Танымал актриса Анджелина Джоли жаңа фильмдегі рөлі үшін сырт келбетін өзгертіп тастады. 43 жастағы актрисаның суретін түсірілім алаңындағы әріптесі Дэвид Ойелоуо Instagram желісіндегі парақшасында жариялады деп жазады Stan.kz.
Димаш Құдайберген бірнеше күн бұрын қытай бойжеткенімен сүйісіп, елді біраз шулатқан еді. Енді әнші бұл жолы жанындағы аруға той көйлегін кигізіп қойыпты.
Павлодардағы концерттен кейін басы дауға қап, әлі күнге елге жақпай жүрген Төреғали Төреәлі жұрттың көңілінен шығуға барынша тырысып жүр. Отбасы мүшелерін толық таныстырып болған соң әнші енді фильмге ойыса бастады.
Қазақстандық белгілі режиссер Серік Апрымовтың «Әкеге қоңырау шалу» фильмі Орынборда өткен ХІ Халықаралық «Восток - Запад. Классика и Авангард» кинофестивалінде толық метражды фильмдер байқауында бас жүлдені жеңіп алды деп хабарлайды ПрофиСинема.
Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалында күзетшімен 2 жігіт төбелесіп қалды. Олардың видеосы Instagram-парақшасындағы түрлі топтарда жарияланып жатыр.
Режиссер, продюсер Тимур Бекмамбетов Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Теннің идеясы, киножобасының материалдары бойынша фильм түсіретінін айтты. Ол дарынды спортшының қазасы туралы естігеннен кейін, осындай шешімге келген. Бұл туралы ТАСС Агенттігі жазады.
Белгілі әнші Ділнәз Ахмадиева фильмге түсіп жатыр. Өзін актриса ретінде байқап көруге оны әріптесі Әсел Сәдуақасова шақырыпты. Ол осы туындының продюсері екен.
Танымал продюсер Баян Алагөзова бірнеше айдан бері «Махаббат бекеті-2» фильмін түсіріп жатыр. Фильмге қызу кірісіп кеткен Баян тіпті Алматының жолдарын жауып тастаған.
Соңғы уақытта режиссерлық қырын танытып жүрген белгілі әнші Бүркіт тағы да кезекті туындысын түсіріп жатыр. Алғашқы фильмі триллер, криминал жанрында болса, бұл жолы ол экшн-комедияға көңіл бөліпті.
NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген Төреғали Төреәлі елді таңғалдырмақ ниетте. Айтуынша, ол өз өмірі туралы кино түсірмек.