Соңғы жаңалықтар

фильм

ЖАЛАҢАШ ҚЫЗСЫЗ КИНО ӨТПЕЙ МЕ? Немесе «Аңшы, «Келін», «Құнанбайдың» ортақ нүктесі неде?

Қазір кинотеатрларда Марқұм Таласбек Әсемқұлов ағамыз сценариін жазып, Досхан Жолжақсынов режиссер болған «Құнанбай» көрсетіліп жатыр. Біріміз көріп, «көзайым» болсақ, келесіміз әлі үлгергеніміз жоқ.  Қысқасы, фильм патшалы Ресей бодандығы,  сол тұстағы халқының тұрмысы... «Қазағым» деп жарғақ құлағы жастыққа тимей шарқ ұрған Құнанбайдың қайраткерлігін көрсетуді көздеген. Әсіресе, түрмедегі тергеу кезінде,  Кенесарыға  қатысты Құнанбайдың сөзі, Құнанбай мен Барақтың арасындағы диалог нағыз қазақтың мінезін көрсетуге құрылған.

"Құнанбай" фильмі қазақстандық прокатқа 25 мамырда шығады

Шығыс Қазақстан облысында "Құнанбай" тарихи көркем фильмінің премьерасы өтті. Киноның тұсаукесері алдымен Құнанбайдың өз ауылы Қарауылда, кейін Семей қаласындағы "Еңлік-Кебек" және "Әлем" кинотеатрларында жүргізілді. Ұлы Абайдың әкесінің өмірі жайында түсірілген осынау кинотуынды қалың көрерменге 25 мамыр күні жол тартады.  

Фильм авторы - Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері, өнер ардагері, ұлттық театр және кино актері, режиссер, продюсер Досхан Жолжақсынов. Бұған дейін ол 2008 жылы "Біржан сал" фильмімен көпшіліктің көңілінен шыққан болатын. Аталған толықметражды кинотуындыны тек отандық сыншылар емес, сондай-ақ, халықаралық сарапшылар да оң бағалаған еді.

Досхан Жолжақсынов "Құнанбай" фильмін жазушы Таласбек Әсемқұловпен бірге түсірді. Ал, музыка авторы - белгілі композитор Төлеген Мұхамеджанов. Фильмге түсуге елімізге танымал актерлармен бірге Семейдегі Абай атындағы және Достоевский атындағы театрлардың актерлары да тартылды.Жаңа кинокартина қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі - Құнанбай Өскенбайұлының өмірінен, бұған дейін біз естіп-білмеген құпияларынан сыр шертеді. Ол 1804 жылы Шыңғыстауда дүниеге келген.

Көпшілік Құнанбайды Әуезовтың "Абай жолы" романында жазылғандай қатал әке, феодал сұлтан ретінде таниды. Алайда, бұл шығарманың Кеңес заманында қаншама цензурадан өткені белгілі. Фильмде Құнанбайдың көрегендігі, данышпандығы, әділдігі, дәстүрді құрметтейтіндігі анық көрсетілген.

- "Біржан сал" фильмін түсіріп болған соң біз Таласбек Әсемқұлов екеуміз жаңа киноға тақырып іздедік. Қазақта киноға кейіпкер болатындай тұлғалар өте көп. Біз ақылдаса келе Құнанбайға тоқтадық. Көпшілік оны қатал бірақ әділ басшы ретінде таниды. Ал, біз Құнанбайдың өзге де қырларын ашқымыз келді. Осылайша оның өмірімен танысып, фильм түсіруге дайындалуға тура бес жылдай уақыт жұмсадық" дейді режиссер Досхан Жолжақсынов. 

 

Baq.kz

Алматыда Майдан туралы фильм кедергісіз көрсетілді

Алматыдағы құқық қорғаушылар кеңсесінде украиналық белсенділердің Киев Майданы туралы фильмі көрсетілді. Бішкекпен салыстырғанда мұнда фильмді көрсетуге бөгет болмады, деп хабарлайды Азаттық.

Шыңғысхан туралы фильмді Қытай мен АҚШ бірлесіп түсірмек

Қытай мен АҚШ 2015 жылдың сәуір айында «Шыңғысхан қазынасы» жауынгерлік өнер элементтері бар фантастикалық фильмінің түсірілімін бастамақ, деп хабарлайды Bnews.kz.

Бекзат Саттарханов жайлы фильмнің қысқаша көріністері жарияланды (ВИДЕО)

Бокстан Олимпиада чемпионы марқұм Бекзат Саттарханов туралы көркем фильмнің алғашқы ресми тизері жарық көрді, деп хабарлайды «Қазақпарат»

Арал теңізі жайлы фильм халықаралық байқауды жеңіп алды

Арал теңізінің жоғалуы туралы фильм Шукшин фестивалінде бас жүлдеге ие болды, деп хабарлайды «Қазақпарат».