Соңғы жаңалықтар

Футбол

"Ақтөбе" футбол клубының басшысы Д.Васильев қамауға алынды

"Ақтөбе" футбол клубының бас директоры Дмитрий Васильев ұсталды деп хабарлайды Tengrinews.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлтық бюросына сілтеме жасап.

Қазақстанның ортаңқол футболшылары $20 мың жалақы алады - С.Стойлов

"Астана" футбол клубының бас бапкері Станимир Стойлов қазақстандық футболшылардың жалақылары туралы айтып берді. Болгарлық журналистерге сұхбат берген маман Қазақстандағы футбол шығындарын айтып, өз отандастырының жағасын ұстатты."Қазақстандық клубтардың бюджеті болгарлық клубтарға қарағанда әлдеқайда жоғары. Оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, Қазақстан шалғайда орналасқан ел. Қомақты қаражатсыз жақсы ойыншыларды ол жаққа тарта алмайсың. Ешкім Қазақстанға барғысы келмейді", - дейді С.Стойлов.

"Астана" Чемпиондар лигасының үшінші айналымына шықты

Елордалық "Астана" футбол клубы Еуропа чемпиондар лигасының іріктеу кезеңін сәтті бастады. Жарысты екінші айналымнан бастаған Станимир Стойлов шәкірттері алғашқы кездесуді литвалық "Жальгириспен" өткізген. Сырт алаңда 0-0 есебімен тең ойнаған жерлестеріміз бүгін "Астана-Арена" стадионында қарсыластарын 2-1 есебімен тізе бүктірді.

EURO-2016: Исландия құрамасын қарсы алуға ондаған мың адам жиналды (ВИДЕО)

Футболдан Еуропа чемпионатында сенсация жасаған Исландия ұлттық құрамасы еліне оралды. Ұлт мақтаныштарын күтіп алуға Рейкьявиктегі орталық алаңға ондаған мың адам жиналып, команданың жетістігін күні бойы тойлады.

Е.Қожағапанов қазақстандық футболдың жемқорлыққа белшеден батқанын айтты

Қазақстан Футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов еліміздегі футбол саласының жемқорлыққа әбден батып қалғандығын айтты. Ол Қостанайдағы кей футболшылардың жалақысын естігенде таң қалғанын да жасырған жоқ деп жазады Ng.kz.

«Реал» мен «Вольфсбург» Чемпиондар лигасының 1/4 финалына шықты

Немістің «Вольфсбург» футбол клубы мен мадридтік «Реал» Еуропа Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты. 1/8 финалдың қарымта ойындарын өткізген қос команда да жанкүйерлеріне жеңіс сыйлады.

Лондондық «Челсиды» Антонио Конте жаттықтыратын болады

«Челси» футбол клубының иесі Роман Абрамович ағымдағы жылдың жазынан бастап команданы италиялық маман Антонио Конте жаттықтыратынын айтты. Бұл туралы ол лондондық клубтың ойыншыларына мәлімдеген деп жазады Corriere Dello Sport.

ФИФА-ға жаңа президент сайланды

Цюрихте өтіп жатқан Халықаралық футбол федерациясының президентін сайлаудың екінші туры қорытындысымен ұйымның жаңа басшысы Джанни Инфантино болды.

Италияның әйгілі футболшысы Қазақстан құрамасын жаттықтыруы мүмкін

Италияның әйгілі футболшысы, ұлттық құрама сапында әлем чемпионы атанған жартылай қорғаушы Дженнаро Гаттузо футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері атануы мүмкі деп жазады Vesti.kz.

Аргентинада ойыннан қуылған футболшы төрешіні атып өлтірді

Аргентинаның Кордова қаласында өткен футбол матчы қайғылы жағдаймен аяқталды. Ойын барысында алаңна қуылған футболшылардың бірі бас төрші 48 жастағы Сезар Флоресты атып өлтірген деп жазады Goal.