Соңғы жаңалықтар

шабуыл
Нұр-Сұлтан полициясы ломбардқа шабуыл жасағандар бірнеше адамды кепілге алды деген мәліметті растамады

Нұр-Сұлтан полициясы ломбардқа шабуыл жасағандар бірнеше адамды кепілге алды деген мәліметті растамады

«Адамдарды кепілге алу» видеосына қатысты Нұр-Сұлтан полициясы департаментінің өкілдері пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Бразилиядағы мектептердің біріне шабуыл жасалып, бірнеше адам қаза тапты

13 наурызда Бразилияның Сан-Паулу қаласының іргесіндегі мектепке шабуыл жасалып, кем дегенде бес оқушы мен мектептің екі қызметкері қаза тапты. Биліктің мәліметінше, шабуыл жасағандар – бұрын осы мектепте оқыған екі оқушы. Кейіннен олардың бірі қасындағы серігін, артынша өзін атып өлтірген деп жазады Азаттық.

Астанада көпқабатты үйлердің подьезінде ер адам 13 жастағы қызды зорламақ болды

Астанада көпқабатты үйлердің подьезінде ер адам 13 жастағы қызды зорламақ болған. Абырой болғанда оқушы қашып құтылған деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы. 

20 оқушы жараланды: Пекинде белгісіз ер адам бастауыш мектепке шабуыл жасады

Пекинде белгісіз ер адам бастауыш мектеп оқушыларына шабуылдады деп хабарлайды  РИА Новости Сичэн қаласының баспасөз орталығына сілтеме жасап.

Сирияда лаңкестер тұрғындарға шабуыл жасады

Сирияның Алеппо қаласында лаңкестер шабуылынан зардап шеккендердің саны 73-ке жетті. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлап жатыр.

Қырғызстанда шабуылға ұшыраған журналист ешкімге арыз жабайтынын айтты

Қырғызстанның Жалал-Абад қаласында пышақ жарақатын алып, ауруханаға түскен журналист Санрабия Сатыбалдиеваның жағдайы бірқалыпты. Бұл жайында журналистің өзі хабарлады.

Оның сөзінше, дәрігерлер пышақ жарақатының орнын тігіп, таңған. Ол милицияға арызданудан бас тартқанын айтты.

− Оқиғадан кейін құқық қорғау органдарының 20 қызметкеріне жауап беріп шаршадым. Сұрақтары әртүрлі болды. Тіптен, егер мен суреттеп берген адам табылған күнде, егер ол қылмыс жасамаған болып шықса, жалған ақпарат бердің деп үстімнен іс қозғайтындарын ескертті. Сондықтан бас тарттым, - деді ол.

Журналист Санрабия Сатыбалдиеваға 9 қараша күні таңертең үйінің жанында белгісіз біреулер пышақпен шабуыл жасаған.

Сатыбалдиева – YouTube-тағы MalinaTV каналын жүргізуші. Ол каналында өзі тұрып жатқан қаладағы әлеуметтік мәселелерді көтереді.

Дереккөз: Азаттық

 

Түркістан облысында оқ тиген аудан әкімі орынбасарының оқиғасына қатысты деректер шықты

Түркістан облысында аудан басшысының орынбасарын атып кетті. 8 жылдан бері Төлеби ауданы әкімінің орынбасары боп қызмет ететін Рәбиға Бейсебаеваны қарулы топ тура есігінің алдында басынан атқан. Шенеунік қазір ауруханада жатыр деп хабарлайды «КТК» телеарнасы.

Ақтөбеде полицейлерге шабуыл жасамақ болған 147 радикал ұсталды

Ақтөбеде полицейлерге шабуыл жасамақ болған 147 радикал ұсталды. Бұл туралы Ақтөбе облысының Ішкі істер департаментінің басшысы Махамбет Абисатов мәслихат сессиясы кезінде айтты.

Грузия президентінің күйеу баласы Миндия Гогочуриге қарулы шабуыл жасалды

Грузия президентінің күйеу баласы Миндия Гогочуриге жұма күні кешке қарулы шабуыл жасалды. Ол оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды РИА Новости.

Қарағандыда такси жүргізушісіне шабуыл жасалды

Қарағанды полицейлері такси жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасаған Өзбекстанның екі азаматын ізін суытпай ұстады деп жазады ҚазАқпарат.

«Полицияға қаладағы ірі такси фирмаларының бірінде жұмыс істейтін жүргізуші шағым түсірді. Ол қаладағы дәмханалардың бірінен шыққан екі жолаушының пышақпен шабуыл жасап, қорқыту арқылы қымбат телефонын иемденгенін, кейін қашып кеткенін хабарлады», - деп мәлім етті облыстық ІІД-де.

Қарақшыларды оқиға болған тұсқа жақын жерден ұстаған. Тәртіп сақшылары сипаттамаға сәйкес келетін екі ер адамды байқап қалған. Екі күдікті де ұсталды. Ұсталушылардан ұрланған телефон да табылған.

Ведомствода түсіндіргендей, ұсталушылардың екеуі де Өзбекстан азаматтары. Олар 2017 жылдан бері Қарағандыда тұрып келген. Олар ұсталған кезде мас күйде болған.

Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Ұсталушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды.