Соңғы жаңалықтар

Ғабидолла Әбдірахымов
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің өкілеттіктері тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің өкілеттіктері тоқтатылды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері туралы жарлыққа қол қойды

Шымкент АҚШ-тың Аризона штатымен байланыс орнатты

Бұл туралы қала басшысы Instagram әлеуметтіе желісінде хабарлады.

Шымкент қаласының əкімі сайлауда алғашқы болып өз таңдауын жасады

Бүгін – ҚР Президентін сайлау күні. Шымкент қаласындағы сайлау учаскелерінде сағат 7:00-ден дауыс беру басталып кетті. Сағат тілі 7-ні соққанда, А.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиядағы №92 сайлау учаскесінде мемлекеттік әнұран орындалып, ең бірінші болып ішке Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов кірді. Жалғыз емес, қасында әріптестері бар. Осылайша ол саяси таңдауын жасады.

Шымкент қаласы әкімдігі "Ашық əкімдік" форматында жұмыс істей бастады

Шымкент қаласы әкімдігі халыққа қолайлы мемлекеттік қызмет түрлерін ұсыну мақсатында «Ашық әкімдік» форматында жұмыс істеуді қолға алды. Бұл жоба мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жергілікті атқарушы органдардың халықпен тығыз байланыс орнатудың жаңа форматына көшу туралы тапсырмасы аясында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың бастамасымен жүзеге асып отыр.

Шымкент қаласының əкімі Ораза айт мерекесімен құттықтады

Бүгін таңертең Шымкент қаласының барлық мешіттерінде Ораза айт намазы оқылды. Шаһардың Орталық мешітіне айт намазын оқуға көп адам жиналыпты. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов та осы жерден табылып, барша мұсылман жамағатты мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

Шымкентте 1000 орындық аурухана салынатын болды

Жағымды жаңалық! Шымкент қаласында 1000 орынға лайықталған ірі аурухана, сондай-ақ, бір ауысымда 700 адам қабылдайтын консультациялық-диагностикалық орталық салынатын болды.

Шымкенттегі дендросаябаққа Асанбай Асқаровтың есімі берілді

Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағына Асанбай Асқаровтың есімі берілді. Саябақтың жаңа атауы Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітілді. Аталған саябақ 1979 жылы Асанбай Асқаровтың бастауымен құрылған. Жаңа атауы Әділет департаментінде 28 мамыр күні тіркелген дендропарктің қасбетіндегі жазуы да ауыстырылмақ.

Шымкент қаласында алимент өндіру бойынша жұмыс тобы құрылады

Қала әкімдігінде «Проблемалық алименттерді өндіріп алу» мәселелері жөнінде жиын өтті. Оған қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, сот саласының, құқық қорғау органы өкілдері мен төрағалары қатысып, өзара пікір алмасты.

Шымкентке «FlyАrystan» ұшағы қонды

«FlyArystan» лоукостері Алматыдан Шымкентке алғашқы рейсін ұшырып, ұшақ мегаполистің әуежайына сәтті қонды. Шымкент шаһарының әуежайында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «Эйр Астана» авиакомпаниясының президенті Питер Фостерді күтіп алып, еліміздегі бірінші бюджеттік авиакомпанияның жұмысына сәттілік тіледі.

Шымкентте тұрғын үй мәселесі туралы заң жобасы талқыланды

Шымкент қаласының әкімдігінде пәтер иелерінің кооператив төрағалары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық туралы заң жобасы талқыланды. Жиынға қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депуттары, Үкімет мүшелері, ПИК төрағалары мен басқа да ұйымдардың басшылары қатысты.