Соңғы жаңалықтар

Ғабидолла Әбдірахымов
Шымкентте «Shymkent Astc Triathlon» Азия кубогі басталды

Шымкентте «Shymkent Astc Triathlon» Азия кубогі басталды

Шымкент қаласына Қазақстан, Өзбекстан, Сербия, Словения, Австралия, Жапония, Гонконг, Люксембург, Сирия, Франция, АҚШ пен Оңтүстік Кореядан 55 спортшы жиналды. Азия кубогінің ашылу салтанатына шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Шымкент қаласының әкімі «Аладдин» фильмін тамашалады

Отандық кинопрокатқа шығатын «Аладдин» көркем фильмі шымкенттіктерге қазақ тілінде ұсынылды. Режиссёр Гай Ричидің жаңа туындысын тамашалауға арнайы келген шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов шығармашылық ұжым мен «Болашақ» корпоративтік қорына алғысын білдіріп, еңбектеріне жеміс тіледі.

Ғабидолла Әбдірахымов Ұлыбритания компанияларын Шымкентке инвестиция құюға шақырды

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігініӊ Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Майкл Джон Гиффордпен кездесті.

Шымкент: Ғабидолла Әбдірахымов «Жас Ұлан» әскери мектебі мен жаңа әскери комиссариаттың ашылатынын айтты

Шымкент қаласында жаңа әскери комиссариат және «Жасұлан» әскери мектебі ашылмақ. Әскери мекемелерге арналған нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін қазір жобалау жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов әскери қызметшілердің қатысуымен өткен салтанатты жиында мәлім етті.

Шымкентте балалар кардиохирургиялық орталығы ашылады

Бұл Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ басқарма төрағасы Юрий Пямен екіжақты меморандум жасау барысында белгілі болды.

Ғабидолла Әбдірахымов шымкенттіктерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент қаласының тұрғындары мен қала қонақтарын 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады.

Шымкентте « Бизнес-Супермаркет» ашылды

Шымкент қаласында елімізде теңдесі жоқ «Бизнес-Супермаркет» орталығы өз жұмысын бастады. Енді бизнес өкілдері мемлекеттік қызметтің 45 түрі бойынша көмекті бір орыннан алуға мүмкіндік алды.

Шымкент қаласында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді

200-ден астам ардагер жиналған мерекелік дастарханда Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов майдангерлерді Отан қорғаушылар күні мерекесімен және Ұлы жеңістің 74 жылдығымен құттықтады.

Шымкент қаласында алғаш рет жүрек қақпақшасына жаңа тәсілмен күрделі ота жасалады

Шымкент қаласында жүрек ақауына шалдыққан науқастарға жаңа тәсіл арқылы күрделі ота жасалатын болады. Таяуда Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Юрий Пя екі жақты меморандумға қол қойды.

Шымкентте 540 пәтерлі 10 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнінде Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «Шымкент Сити» қалашығында 540 пәтерлі 10 арендалық коммуналдық тұрғын үйлердегі пәтер кілттерін табыстады. Оның ішінде 177 пәтер – көпбалалы отбасыларға, 108 пәтер – жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға беріліп, 255 пәтер басқа да әлеуметтік әлсіз топтағы азаматтарға үлестірілді.