Шымкент қаласының әкімі жұмыссыздар алаңын ашуды жоспарлап отыр. Ғабидолла Әбдірахымов күнделікті «Миланж» фабрикасы маңын тұраққа айналдырған жұмыссыз азаматтарды бір жерге шоғырландырып, қала көркін қашырмауды ұсынды деп жазады Otyrar.kz.
Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Шымкенттің 2020 жылға дейінгі даму концепциясы аясында алғашқы тапсырмаларды жүктеді. Түрлі сала мамандары қатысқан ауқымды жиналыста біраз мәселенің беті ашылып, талқыға түсті.
Шымкент қаласына жаңа тағайындалған әкім Ғабидолла Әбдірахымов қаланы қалай гүлдендіретінін айтты.