Соңғы жаңалықтар

ғарыш

Астронавт ғарыштан найзағайды бейнекамераға түсірді (ВИДЕО)

Халықаралық ғарыш станциясының бортында жүрген британдық астронавт Тим Пик (Tim Peake) Жер бетінен 400 шақырым биіктіктегі найзағай жарқылдарын бейнекамераға түсіріп, өзінің Instagram парақшасында жариялады. 

Назарбаев «Байқоңыр» ғарыш айлағының жақында жабылмайтынын айтты

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық журналистерге берген сұхбаты барысында «Байқоңыр» ғарыш айлағының болашағы жайында айтып өтті. Елбасының сөзіне сенсек, Ресей өз аумағында салынып жатқан «Восточный» ғарыш айлағын іске қосқан күннің өзінде Қазақстан «Байқоңырды» жауып тастамайды.

Протон тағы да ұшпақ

Бірінші сәтсіз ұшу амалынан кейін «Протон» кезекті екінші рет ұшуға тамыз айында аттанады. Ракета қазір Байқоңырда дайын деп хабарлайды РИА Новости

«КazEOSat-1» жерсерігі Қазақстанға заңды түрде берілді

Қазақстандық «КazEOSat-1» жерсерігі Гвианадағы (Франция) «Куру» ғарыш айлағынан 2014 жылдың 30 сәуірінде еуропалық «Вега» тасымалдағыш зымаранымен ұшырылған. Осыған байланысты Тулузада Airbus Defence and Space компаниясы мен қазақстандық «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ ЖҚЗ ғарыш жүйесін меншікке беру құқығы сертификатына қол қойды, деп хабарлайды «Қазғарыш» баспасөз қызметі.

«Протон-М» зымыраны келтiрген залалдың өтеуі болады

Байқоңырда құлаған «Протон-М» зымыран тасығышының Қазақстан экологиясына келтiрген залалын есептеу бойынша бiрлескен құжат дайындалуда. Бұл туралы бүгiн ҚР Парламентi Сенатының жалпы отырысында Аэроғарыш комитетiнiң төрағасы Талғат Мұсабаев мәлiм еттi.

Байқоңырдан «Союз-У» зымыраны ұшырылды

Бүгін Астана уақытымен сағат 03.44 кезінде Байқоңыр ғарыш айлағынан «Прогресс М-24М» ғарыш кемесі тиелген «Союз-У» зымыран-тасығышы ұшырылды. Бұл туралы ақпарат ресейлік «Роскосмос» ғарыш агенттігі сайтында жарияланды.

Байқоңырдан ғарышқа шыбындар ұшты

Байқоңыр ғарыш айлағынан бес геккон, дрозофил шыбындары, саңырауқұлақтар мен басқа өсімдіктердің дәндерімен жабдықталған ресейлік «Фотон-М4» биоспутнигі ұшырылды, деп хабарлайды РИА Новости.