Соңғы жаңалықтар

ғимарат
1 адам қайтыс болған: салынып жатқан ғимараттың қабырғасы опырылып қалды (ВИДЕО)

1 адам қайтыс болған: салынып жатқан ғимараттың қабырғасы опырылып қалды (ВИДЕО)

Зардап шеккендердің бірі үйінді астынан шығарылып, ауруханаға жеткізілді, деп мәлімдеді ведомстводан.

Алматыда дәмхана өртеніп, көліктер мен ғимараттарға зақым келді

Алматыда қала орталығындағы дәмхана өртенді. Жалын сол маңдағы көліктерді, әкімшілік ғимараттар мен электромобильдерді қуаттайтын бекетке зақым келтірді жазады ҚазАқпарат.

«25 қазанда сағат 04.16-да Алматы ТЖД-ның 101 нөміріне Алмалы ауданы, Жароков көшесіндегі 43-үйде орналасқан «Динара» дәмханасы жанып жатқаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минуттан кейін, 04.23-те жетті. Олар келген уақытта дәмхана отқа оранып жатқан», - делінген хабарламада.

Бір қабатты дәмхана және 2 көлік - Toyota RAV4 мен Nissan Primera жанып жатқан. Лаулаған жалын жақын тұстағы Nissan tino, Toyota avensis, Mitsubishi Outlander, Subaru legacy көліктерін зақымдаған.

Tesla автокөліктеріне арналған электр қуаттау стансасы мен «Алматы Байкке» тиесілі 10 велосипед, сондай-ақ 5 қабатты әкімшілік ғимараттың қасбеті және терезелері қатты ыстықтан еріп кеткен.

«Өрт 04.47-де ауыздықталып, 05.17-де толықтай сөндірілді. Жалын 280 шаршы метрді шарпыды. Ешкім зардап шекпеді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - деп мәлім етті ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Назарбаев миллиардерлерге Түркістанда бір-бір нысан салуды тапсырды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ірі компаниялардың басшылары мен бизнесмендерге Түркістан қаласында бір бір нысан салып, қалаға қаржылай қолдау көрсетуді тапсырды. Түркістан облысына сапарында үкімет мүшелері және ірі компаниялар басшыларымен өткен жиын барысында Назарбаев мемлекет бизнесмендерге үнемі қолдау көрсететінін, енді олар елдің дамуына үлес қосуы тиіс екенін айтты деп жазады Азаттық.

"Біз бұны бұлай қалдырмаймыз": Қыдырәлі мен Қарақат өздеріне тағылған айыпқа қатысты жауап берді

Осыдан 3 күн бұрын белгілі қолөнерші Тұрсынзада Ырза Астананы Иманғали Тасмағанбетовтің басқарып тұрған шағында мемлекеттен алған ғимараттың Қыдырәлі мен Қарақат тартып алып жатқанын журналистерге мәлімдеген болатын. Қос әнші желідегі парақшаларында осыған қатысты жауап қатты.

Қызылордада емхана ғимараты қоқыс алаңына айналған (ФОТО)

Қызылордада он бес жылдан бері қаңырап бос қалған емхана ғимараты бүгінде қоқыс алаңына айналған. Бұл туралы қала тұрғыны Facebook әлеуметтік желісінде жазды.

Айтуынша, күндізгі «Ем қабылдау» мекемесінің қаңырап бос тұрғанына он бес жылдан астам уақыт өтіпті. Әлі күнге дейін жергілікті билік иесіз қалған аймақты өз қарауына алмаған. Сол себептен бұрынғы емхана алаңы қазір қоқысқа толып, қаңғыбастарға пана болыпты.

«Бұл Қызылорда қаласында Бейбітшілік көшесінде орналасқан бұрынғы күндізгі «Ем қабылдау» мекемесі, қазіргі тастанды ғимарат. Бұл ғимарат тұрғылықты үйі жоқ адамдарға пана, балаларға ойын орны, сондай-ақ қоқыс тастайтын алаңға айналды. Бұл ғимараттың қараусыз тұрғанына он бес жылдан астам уақыт болды. Осыған жауапты құзырлы органдар көңіл бөліп, тиісті шараларды қолданса екен», – деп жазады қала тұрғыны. 

Ол қаңырап қалған бұл мекемеге жергілікті билік назар аудармаса, онда осыған жауапты құзырлы органдардың қандай да бір шара қолдануын сұрады.