Қазақстанның бірінші президентінің жиені Айсұлтан Назарбаев туралы соңғы кездері мардымды дерек жоқ. Бір жарым жыл бұрын қоғам назарынан алшақтаған жігіттің бүгін Yedilov Online телеграм-каналында қажылықта жүрген видеосы жарияданды.
Айсұлтан қағба жанында өзін видеоға түсірген. Жан-жағындағы адамдарды да көрсеткен.
Айта кетейік, Айсұлтан Назарбаев Дариға Назарбаева мен марқұм Раxат Әлиевтің екінші ұлы. Айсұлтан нағашы атасы билік басына келгеннен кейін бірнеше айдан соң өмірге келді. Есімі де атасына ұқсатып қойылып, фамилиясы да Назарбаев боп жазылған жігіт жайлы елдегі ең ықпалды отбасы әңгіме қозғамауға тырысады.
Сауд Арабиясы биыл Қазақстаннан қажылыққа баратындарға 3200 квота бөлген. Бұл туралы Азаттыққа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбай хабарлады.
Жанболат пен Жазира жақында ғана «Анашым» атты әніне бейнебаян түсіріп, көпшілікке аналарын таныстырған еді. «Шешеге деген құрметім шексіз» дейтін Ербатыров енді туған анасын Алла алдындағы парызын орындауға қажылыққа аттандырып отыр.
Қауіпті дертке қарсы екпенің құны қымбат. Дегенмен дертке тұсауланбас үшін екпеден артығы жоқ болып тұр. Бүгінде Шымкентте менингитке қарсы екпені 300-ден астам адам салдырған деп жазады otyrar.kz.
Павлодардағы концерттен кейін басы дауға қалған Төреғали Төреәлі қажылық сапарға атанды. Олардың әуежайдағы суретін актер Әсет Есжан өзінің Instagram-парақшасына жариялады.
Биылғы қажылық кезінде тапталып өлгендердың нақты саны жария етілді. Мина жазығында шайтанға тас лақтыру кезіндегі қырғыннан алғашында айтылғандай мыңға жуық емес, 2 мың қажы көз жұмған деп хабарлайды КТКарнасы.
Меккеде қажылық кезінде бес қазақстан азаматы қайтыс болды, деп мәлімдеді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ).
Меккеге қажылыққа барған 300-ге тарта жерлесіміз Жидда қаласындағы әуежайда ұшақ күтіп отыр деп хабарлайды КТК арнасы.