Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысы
«Тасмағамбетов, Сапарбаев және Көлгінов»: Қырымбек Көшербаев әріптестеріне эстафета жолдады (ВИДЕО)

«Тасмағамбетов, Сапарбаев және Көлгінов»: Қырымбек Көшербаев әріптестеріне эстафета жолдады (ВИДЕО)

Бұған дейін «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп «Алпамыс» батыр жырын оқу эстафетасын Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевқа жолдаған еді. «Батырлар жырын бала күннен оқып өстік» деген облыс әкімі «Алпамыстан» үзінді оқып, эстафетаны ары қарай жалғастырды.

Қызылорда облысында болған өрттен қытай азаматы көз жұмды

20 қараша күні Шиелі кентіндегі Қытай Триумф цемент зауытының аумағында өрт шықты деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК-нің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Қызылордадағы автобус апаты: оқиға куәгері бар шындықты жайып салды

Қызылорда облысында екі автобустың соқтығысуынан үш адам қайтыс болды. Тас жолдағы апат кезінде екі адам бірден көз жұмса, небәрі жеті жастағы Мейіржан Төлеген ауруханада жан тапсырды. Жантүршігерлік жол апатынан қатты зардап шеккен өзге де жолаушылар әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Батыс Қытай-Батыс Еуропа тас жолында бетпе-бет келіп соқтығысқан екі автобуста жиыны сексен алты жолаушы болған екен деп хабарлайды 31 арна.

Қызылорда облысында 2 автобустың қалай соқтығысқаны белгілі болды

Қызылорда облысында екі автобустың соқтығысуына не себеп болғаны мәлім етілді. Бастапқы мәлімет бойынша «Setra» автобусының жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кеткен деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.

Қызылорда облысында жат ағымды ұстанған 4 адам сотталды

Қызылорда облысының Қазалы ауданында 2017 жылы деструктивті діни бағытты ұстанушы 4 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған деп жазады ҚазАқпарат.

Қызылорда облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті

Қызылорда облысының аумағында жүк пойызының 16 вагоны рельстен шығып кетті деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қызылорда облысында әкімдік ғимараты өртенді

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Жаңаталап ауылының әкімдігі өртенді деп хабарлайды ҚР ІІД ТЖК-нің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Қызылорда облысының тұрғындары жігіті басын кесіп алған қыз туралы шындықты айтты

Қызылорда облысы Тасбөгет кентінің тұрғындары жігіті басын кесіп алған қыз туралы шындықты айтып берді деп жазады Newtimes.kz.

Қызылорда облысында 13 жасар қыз зорлықпен өлтірілгеннен кейін полицейлер жазаланды

Қызылорда облысы ІІД басшысы Қайрат Мұхитов ауыл тұрғындары арасында резонанс тудырған жағдайдың көп өзгерістер енгізуге себепші болғанын айтты деп жазады Sputniknews.kz. 

Естеріңізге сала кетсек, шілде айының ортасында Қызылорда облысы Шалқия ауылы Жаңақорған ауданында 13 жастағы қызды зорлап, артынша өлтіріп кеткен еді. Күдікті ретінде марқұмның ауылдасы ұсталды.

31 жастағы ер адам бірден қолға түсті. Жуырда оның кінәсін мойындап, қамауға алынғаны белгілі болды.

Ер адам Шалқияда тұрып жатқан анасының үйіне келіп, ауылдағы мектеп оқушысын зорлаған. Кейін оқушыны басын қош-блокпен ұрып өлтірген. Жасөспірім анасымен бірге ескі бес қабатты үйде тұрған. Қайғылы жағдай болған уақытта анасы жұмыста жүрген. Қылмыскер жасөспірімді осы үйдің бос тұрған қабатына апарып зорлаған.

Күдікті ұсталғаннан кейін жергілікті тұрғындар оның отбасынан Шалқия ауылынан көшіп кетуді талап еткен. Бұдан кейін полицейлер ауылда тексеріс жүргізіп, 689 үйде қанша адамның тұрып жатқанын анықтайды. Халыққа қылмыс пен қауіпсіздік туралы профилактикалық шаралар өткізген.

Рейд кезінде ауылда Ресей, Армения және Өзбекстаннан келген тоғыз мигрант тұрып жатқаны анықталады.

«Шалқияда болған жағдайдан кейін қорытынды шығарылды. Қызметтік тексеріс жүргізілді. Ауыл учаскелік полицейі осыдан кейін қызметінен босатылды. Ал жетекшілері жазаланды», — деді Қайрат Мұхитов.

Сондай-ақ, ол түсіндіру жұмыстарының қарқынды түрде қолға алынғанын жеткізді.

Қызылорда облысында кене шаққан әйел көз жұмды

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында қырым-конго безгегінен 38 жастағы азаматша қайтыс болды деп жазады ҚазАқпарат.