Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысы

Жалағашта полицейдің арқасынан тепкен жігіт екі жылға бас бостандығынан айрылды

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық сотында полиция қызметкеріне дөрекілік көрсетіп, оған жеңіл дене жарақатын салған азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды деп жазады ҚазАқпарат.

Жаңақорғандықтар 12 жастағы қызды зорлаған педофилдің отбасын ауылдан қуып жатыр

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданына қарасты Шалқия кентінде 12 жасар қызды зорлап, айуандықпен өлтірген қылмыскер өз кінәсін мойындады. Сұмдық оқиғадан кейін есеңгіреп қалған тұрғындар педофилді халық алдында соттап, оған ауыр жазаның тағайындалғанын қалайды. Тіпті, қамауға алынған жігіттің отбасысын ауылдан көшіруді талап етіп отыр. Үрейге бой алдырған жандар өз балаларының өмірі үшін қатты алаңдайды деп жазады Zhasalash.kz.

Қызылордада цифрландырудың 37 жобасын жүзеге асыру жоспарланған

Облыста жыл соңына дейін цифрландыру бағдарламасы аясында 37 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. 

«Харекет» қоры 10-баспананы қызылордалық 7 балалы отбасыға табыстады (ВИДЕО)

«Харекет» қайырымдылық қоры осымен 10-үйді 7 балалы отбасына табыстады.

Қырымбек Көшербаев та киіз үйдің есігін тек «құрметті қонақтарға» ашатын шенеуніктерге шүйлікті

Қызылорда облыстық аппаратының жиынында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Наурыз мерекесін атап өту мәселелеріне тоқталды. Өңір басшысы шенділерге киіз үйлерде тек бастықтарға арнап дастархан жаю әдетінен арылу керек екенін ескертті.

Қырымбек Көшербаевтың есептік жиналысына келгендердің көбі ұйықтап қалды (ФОТО)

14 ақпан күні Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев 2017 жылды қорытындылап, халық алдында есеп берді. Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрдың ғимаратында өткен жиынға келген тұрғындардың қарасы көп болды. Алайда, біразының іштері пысты ма, әлде қатты шаршаған болулары керек, әйтеуір әкім сөйлеп жатқанда қорылға басты.

Қызылордада 1 жылда 1 мыңнан астам алаяқтық фактісі тіркелген

Былтыр Қызылорда облысында 1137 алаяқтық қылмысы тіркеліп, бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 12,2 пайызға артқан. Бұл туралы Қызылорда қалалық ІІБ тергеушісі Асылбек Бексейітов мәлімдеді. Полицейлер аталған қылмыстардың 81,4 пайызын ашқан.

Қызылордалық ұрылар Астанадағы 10 коттеджді тонаған

Қызылорда облысынан Астанаға келген ұрылар тобы елордадағы 10 коттеджді тонаған деп хабарлайды Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі. Тәртіп сақшылары күдіктілерді 25 желтоқсан күні қолға түсірді.

Малын іздеп адасып кеткен қызылордалық 3 күннен кейін табылды

Қызылорда облысы Шиелі ауданында жоғалған малын іздеуге шыққан 19 жастағы бозбала адасып кетіп, 3 күн дегенде әзер табылды деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Қызылорда облысында 3 елдімекен ауыз суға қосылды

Қызылорда облысына қарасты Сырдария ауданының Ақжарма, Бесарық, Амангелді ауылдары ауыз суға қосылды. «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында 437,9 млн. теңге бөлініп, үш елдімекеннің ауыз су жүйелері қайта жаңғыртылған. Жобаны жүзеге асыру арқылы Сырдария ауданының тұрғындарын 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік туды.