Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысы

Қызылорда облысында 1 дүкенді үш рет тонаған күдікті ұсталды

Қызылорда облысының полицейлері бір дүкенді үш рет тонап, иесіне 1,5 миллион теңге шығын келтірген күдіктіні қолға түсірді деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Қызылорда облысында бірнеше ақбөкенді атып алған браконьерлер ұсталды

Қызылорда облысының полицейлері онға жуық ақбөкенді заңсыз атқан жергілікті екі тұрғынды ұстады деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Бүгін ғарышқа үшінші қазақ ұшады

Бүгін, қыркүйектің екінші жұлдызында ғарышқа үшінші қазақ - Айдын Айымбетов ұшады.

Сұлтан Мақашов, Қармақшы ауданының әкімі: Ауданда егістік көлемі артып келеді (онлайн-конференция)

Бүгінгі таңда бүкіл әлемді шайқалтып тұрған дағдарыс біздің елімізді де айналып өтпеді.

Қызылорда облысында жаңа спорт кешендері ашылды

Бүгін Жаңақорған және Қазалы аудандарында заманауи үлгідегі спорттық сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Спорт кешендері қажетті құрылғылардың барлығымен жабдықталған.

Безбүйрек ана бес баласынан безді

Қызылорда облысында ішімдікке салынған ана бес баласынан бас тартты. Бұл туралы аймақтық Қоғам.ТВ телеарнасына сілтеме жасап Skifnews.kz

хабарлайды.

Қызылорда облысы ауылшаруашылық саласының статистикалық есебі дұрыс жүргізілмей келеді

Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы саласының статистикалық есебі дұрыс жүргізілмей келеді. Бұның салдары өңірдің жалпы көрсеткіштеріне де кері әсерін тигізуде. Осы орайда облыс басшысы жауапты мекеме басшыларымен ауыл шаруашылығы саласында статистикалық есепті жүргізуге байланысты мәжіліс өткізді. Өткен жылдары облыста мал шаруашылығы бойынша біріңғай деректер базасы жасалып, 2014 жылдың шілде айынан бастап шаруашылық кітаптарының электрондық жүйесі енгізілген. Алайда, деректерді уақытылы енгізіп, жаңартып тұру, статистикалық есепті дұрыс жүргізу жолға қойылмаған.

Облыстық статистика департаментінің бастығы Бақыт Сапар аймағымыздың ең негізгі статистикалық көрсеткіштерін саралады. Облыста ауыл шаруашылығы қарқынды өсуде, ауыл халқының тұрмыс-тірішілігінің жақсаруын байқауға болады. Алайда, аталмыш саланың статистикалық есептері, шаруашылық кітаптары аудандарда өз деңгейінде жүргізілмеген. Көрсетілген мәліметтерде сәйкессіздіктер бар, тіпті кей құжаттар дұрыс толтырылмаған. Статистика арқылы мемлекеттің даму процестері айқын көрсетілетінін ескерсек, қай салада да бұл мәселе ұқыптылықты қажет етеді. Сондықтан облыс әкімінің талабына сәйкес 1 ай ішінде барлық есеп-қисап толық ретке келуі тиіс, маусым айында аудандар мен қала әкімдіктерінің статистикалық құжаттары түгел тексерілетін болады.

Қызылордада халықаралық автобан бойынан демалыс орындары салынбақ

Қызылорда облысында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің бойында демалыс орындары салынады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Қызылорда облысында жол полициейі 27 мың теңгенің 17 мыңын жеп қойған

Жалағаш аудандық сотында ҚР Қылмыстық Кодексінің 311 бабының 2 бөлігімен, 314 бабының 2 бөлігімен сотталушы Е.-ге қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

22 жыл тұралаған Жалағаш элеваторы қайта күріш қабылдай бастады

Жиырма екі жылдан соң Жалағаш элеваторы қайта күріш қабылдады. Бүгін диқандар 450 мың тонна күрішті элеватордың қамбасына әкеп құйды, деп хабарлайды Skifnews.kz.