Соңғы жаңалықтар

Қыз

Алматыда арықтан 26 жастағы қыздың денесі табылды

Алматыда 26 жастағы қыздың денесі арықтан табылды деп жазады ҚазАқпарат. 

«Қарсылығымыз екі жылға созылды»: Қытайға қызын берген әке ақталып хат жазды

Мен, Сүлеймен Асқар Бағытұлы өзімнің ағайын туысқандарыма, достарыма, жұмыстастарыма және барлық мен танитын ағайындарға қызымның қытай азаматына тұрмысқа шығуының себебін шынайы жеткізгім келеді.

Еркін Нұржанов қызды болды

Белгілі әнші Еркін Нұржанов қызды болды. Бұл туралы ол өз Instagram-парақшасында көпшіліктен сүйінші сұрап жазды.

Әли Оқапов: «Үйленуден қорқамын»

Халық әртісі Роза Рымбаеваның ұлы әнші Әли Оқапов болашақта өнер адамымен отбасын құруы мүмкін. Бірақ, қазір жасы 27-ге келсе де, ол үйленуден қорқып жүр.

Астаналық түлек ҰБТ-ның арқасында ғашығын тапты

Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Рамазан Әлімқұлов ҰБТ-дағы қызықты оқиғалар туралы баяндады деп жазады ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, ҰБТ білімді ғана тексермейді, ғашықтарды да табыстырады.

«Бізге жақында Мерей есімді астаналық түлек хабарласты. Ол қаңтар айында «Мега» сауда орталығында Астанаға қонаққа келген Арай есімді шымкенттік арумен танысқан. Бірақ, оның байланыс нөмірін алып үлгермеген және Арайдың биыл ҰБТ тапсыратынын біліп, ҰБТ-ның онлайн трансляциясы арқылы оны тапты. Сүйіктісі сынақ тапсырған пунтті анықтаған бойда, Мерей бізге хабарласып, оның байланыс нөмірін табуда көмек сұрады. Көрдіңіздер ме, ҰБТ білімді ғана тексермейді, ғашықтарды да қосады», - деді Рамазан Әлімқұлов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Орталық басшысы астаналық бозбаланың тілегін жерге қалдырмай, Арайды іздеп жатқандарын хабарлады.

«Бізде қай аудиторияда кімдердің тест тапсырғаны туралы ақпарат бар. ТЖК, ЖСН нөмірлері қолымызда. Аталған бөлімшеде Арай есімді қанша қыздың болғанын анықтаймыз және аты-жөні мен байланыс нөмірін келісім бойынша астаналық жігітке бере аламыз. Бұл бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Жастарға сәттілік тілейміз», - деді ол.

Айта кетейік, ҰБТ-ның алғашқы үш күнінде Қазақстандағы орташа балл 83-ті құрады. Ең жоғары нәтиже Алматы қаласында Т. Рысқұлов атындағы ұлттық экономикалық университетте тіркелді. Онда алматылық Хамзин Дәулет Азатұлы 139 балл жинады.

Республика бойынша 704 мектеп бітіруші 130-139 балл аралығында нәтиже көрсеткен.

Биыл республика бойынша мектеп бітірушілердің 70%, яғни 102 мыңы ҰБТ тапсырады. Мектеп бітірген 147 мың түлектің басым бөлігі ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсырады.

ҰБТ-да жалпы 80 мың сұрақ болады. 2018 жылға арналған Ұлттық бірыңғай тест сұрақтары 50 пайызға жаңартылған.

Қазақстандық мектеп бітірушілерге Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтуге екі рет мүмкіндік беріледі. Екеуінде де қажетті балл жинай алмаған балалар ЖОО-ға шартты түрде қабылданады.

"Қазір үйленетін қыздардың 90 пайызы "қыз" емес": Қазақстандық жігіттер өзіне жар таңдауда көбіне неге мән береді?

Қазақстандық жігіттер өздеріне жар таңдауда көбінесе не мәселеге мән береді? Олар үшін қыздың пәк болуы, ажарлы, сымбатты, бойшаң, бай отбасынан шығуы маңызды ма? Осы жайында Newtimes.kz қазақстандық жігіттердің арасында сауалнама жүргізіп көрді.

Сауалнама барысында жігіттер өздеріне қандай қыздар ұнайтынын ашық айтты. Көпшілігі қыздың пәктігіне аса мән бермейтін болып шықты. Жар таңдауда бірінші әдемілігіне қарайды екен. Сонымен бірге, қыздың әзілге жақын, мінезінің ашық болғаны маңызды дейді. Жігіттеріміз қызбен танысқанда оның материалдық жағдайына да аса көңіл бөлмейтіндерін жеткізді.

Арсен 26 жаста: "Мен үшін қыздың фигурасы маңызды. Оның пәк, таза болғаны дұрыс деп ойлаймын. Бірақ 25-26 жастағы қыздардың пәктігін сақтап қалуы екіталай. Өйткені бұл жаста жыныстық қатынасқа түспеуі мүмкін емес. Одан басқа мен қыздардың байлығына ешуақытта қараған емеспін".

Нұрлан 26 жаста: "Біз 21 ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Қазіргі кезде қыздардың 90 пайызы "қыз" емес. Сол үшін қыздың пәк болуы мен үшін міндетті емес. Тек үйленетін қызымның дене бітімі кішкентай, яғни, қуыршақ сияқты болса деймін. Сонымен қатар, қыздың материалдық жағдайына қарамаймын. Мен өзім бәріне қол жеткізе аламын".

Қайырбек 27 жаста: "Қыздың пәктігіне ешуақытта мән беріп қараған емеспін. Бірақ 20 жаста болып алып, пәктігінен айрылған болса, онда ойлануға тура келеді. Ал 25-тен асқан қыздардың жыныстық қатынаста болғандарын дұрыс деп есептеймін. Қыз бен жігіт сексуалдық жағынан бір-біріне сәйкес болуы керек. Сонда ғана еркек әйелінің көзіне шөп салмайды. Үйленетін қызымның материалдық жағдайына қарамаймын, бірақ молшылықта өскен болса екен деймін. Өйткені маған кедей отбасынан шыққан қыз керек емес".

«Өзімді жетпістегі шалға сыйладым»: Жетімдер үйінен шыққан қыз өкінішпен өмір сүріп жүр

Біреу сенер, біреу сенбес оқиғам бар. Жетімдер үйінен шыққан соң аш-жалаңаш далада қалғанымды өзім əсте ұмытпаймын. Балалар үйінен шыққан соң көмек сұрар ешкімім болмады. Құдай басқа салмасын, бас сұғарға баспана таппаған адамның хəлін сөзбен суреттей алмайсың…

Алматыда жол апаты кезінде көлік екіге бөлініп кетті

Toyota Crown Majesta Сейфуллин көшесіндегі көпірдің бетон тіреуішіне соқтығысты.

Маңғыстауда ер адам үйлену үшін 16 жастағы қызды алып қашқан

Маңғыстауда кәмелет жасқа толмаған қызды некелесу үшін алып қашқан жігіт ұсталды. Оқиға сәуір айында болғанымен, бұл туралы енді ғана анықталып отыр деп жазады Tumba.kz.

Семейде бір ай бұрын жоғалған қыз өлі табылды

Осыдан бір айдан астам уақыт бұрын жоғалған қыз Семейде өлі табылды деп жазады ҚазАқпарат.